Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық тілші бала тәрбиесіне қатысты өз кеңестерімен бөлісті

Опубликовано:

Отандық тележүргізуші әрі тілші Қарлығаш Исабекова бала тәрбиесіне қатысты өз кеңестерімен бөлісті деп жазады anabol.kz сайты.

«Бала тәрбиесі көп уақыт, қажырлы еңбек пен білімді, мол махаббат пен сабырлықты қажет етеді. Сондықтан бұған бей-жай қарауға болмайды», - деген Қарлығаш Исабекова бала тәрбиесіне байланысты келесі кеңестер берді:

1. Баланың бірінші күлгенін, сөйлегенін, алғаш аяғын басқанын, отырғаны-тұрғанына дейін – бәрін-бәрін бөтен адам емес, ең бірінші әке-шешесі көруі керек. Бұл – мол қуаныш, үлкен бақыт. Мұндай тәтті қылықтарын бала кейін, өсіп кеткенде қайталамайды ғой. Оны ешқашан көре алмайсыз.

2. Баланы тым еркелетіп жіберуге болмайды. Шектен шығып бара жатса, бес минутқа бұрышқа тұрғызып, онда не үшін тұрғанын, келесі жолы бұлай істеуге болмайтынын түсіндіріп айту керек.

3. Балаға дауыс көтерсең, ол бәрін керісінше істейді. Сондықтан оны бала демей, ойымен санасып, үлкендерше сөйлесу керек.

4. Баланы шын жақсы көру керек. Психолог мамандар баланы күніне, жоқ дегенде, төрт рет құшақтап, иіскеп, оған жылы сөздер айтып, махаббатыңды сездіре білу керектігін айтады.

5. Баламен мейлінше көп уақыт өткізіп, көп сөйлесудің маңызы мол.

6. Ертеңгі күні жасыңыз жетіп, қартайғанда балаңыздың жаныңыздан табылғанын қаласаңыз, дұрыс тәрбие беріп, аналық махаббатыңызды сездіре білудің орны бөлек.

7. Әр ісіне түсіністікпен, мейіріммен қарап, ешқашан оны басып, төмендетпей, керісінше, аз-аздап бостандыққа, еркіндікке үйрету қажет.

8. Балаңыз тамақ ішпей ме? Қыстамаңыз, тамақ ішкіземін деп қинамаңыз! Бұдан оның тек тәбеті қашады. Ал қарны ашқанда, ол өзі тамақ сұрайды.

9. Мүмкіндік болса, баланың есі кіріп, жан-жағын танығанынша оның жанында анасының болғаны жөн.

10. Балаға ана сүтінен артық ештеңенің қажет емес екенін естен шығармаған жөн.

11. Бала тәрбиесінде әдебиетке, психолог, педиатр, логопед мамандар мен көпбалалы аналардың кеңесіне құлақ түре жүру ауадай қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1071112-otandyq-tilshi-bala-tarbiesine-qatyst/