RU

Психолог жұп таңдауда қандай келбеттегі адамдардан аулақ болу керектігін айтты

Психолог Балжан Қанапияева өмірлік жарды қателеспей тани білудің қыр-сырымен бөлісті. Маман жұп таңдауда қандай келбеттегі адамдардан аулақ болу керектігін anabol.kz сайтында тізбектеді.

Киіміне қарап та аңғаруға болады...

1. Еркек адам ақ түсті көйлекті жақсы көретін болса, онда иманды, ұқыптылықты сүйетін жан болғаны.

2. Еркек еркін пішінді, алпы-салпы киімдер киетін болса, онда оның қарапайым, жұпыны және тұйық болғаны.

3. Еркек қысқа балақты шорты мен кеудеге қапталып, әрең сиятын майка киюді ұнататын болса, онда оның жалқау, дөрекілеу, менсінбейтін, ұятсыздау, қымсына қоймайтын адам болғаны.

4. Қандай да болсын әшекейсіз, қатаң үлгідегі бәтеңкені ұнататын еркек мықты, денсаулығы күшті, құнтты, үнемді және жаңа идеяларды ойлап тапқыш болады.

5. Еркек ұзын жеңді көйлекті айрықша ұнататын болса, онда оның жанжалшылдау және кінәшілдеу болғаны.

6. Қысқа жеңді көйлекті ұнататын еркек өмірге жеңіл қарайды және әртүрлі шарттылыққа, дәстүрге онша мән бере қоймайды.

7. Күн сайын бір ғана галстукты тағып жүретін немесе күн сайын бір пішімді, бір түсті костюм киіп жүретін еркек әдетте еңбекқор және іздемшіл, шығармашыл болып келеді.

Аяғына да көз салыңыз....

1. Өкшесі біздей, сүйір түйреуішті аяқ-киімді ұнататын нәзік жанды өзінен ештеңені аямайтын, ештеңеден құр қалмауға, өмірден кейіндеп қалмауға әдеттенген әйел.

2. Әйелдің аяғында «әскери үлгідегі» ауыр бәтеңке болса, онда мұндай қыз айтарлықтай пысық, қажырлы және мақтанқұмарлау болып келеді екен.

3. Қайық-туфлиді ұнататындар барлық кезде және барлық жерде жұлдыздай жарқ-жұрқ етіп жүруді мұрат тұтады. Сондай-ақ, олар қалай өмір сүруді біледі және көздеген мақсатына ұдайы жетіп отырады.

4. Бауы байланған етікті әйел - жұрттың өзіне назар аударуын қалайтын және өзі осыған мейлінше тырысып бағатын жан.

5. Спорттық аяқ-киіммен жүретін қыздар ер мінезді болады.

Мұрны да мол мағлұмат береді....

1. Сондай-ақ сүйгеніңіздің денесі болмашы жағдайда қызарып жүретін болса, онда оның қу болғаны.

2. Мұрнының ұшы жоғары көтерілгендерге жоламағаныңыз жөн. Ондай жандар жалқау, алға қарай ұмтылмайтындар. «Алма піс, аузыма түс» деп әрекеттенбей, ауырмаған жамбаспен жата беретіндердің нақ өзі.

3. Мұрнының ұшы жуан адамдар қай істі де баяу қимылдап атқарады.

4. Ал керісінше жіңішке болса, ашуы қатты болғаны.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1072517-psikholog-zhup-tanhdauda-qanday-kelbett/