RU

Көзілдірікті қыздар макияж жасауда қандай қателіктер жібереді?

Осыдан он шақты жыл бұрын жұрт көзілдірік киюге ұялатын еді. Қазір көзі өте жақсы көретін адамдар да көзілдірікке әуестеніп, адамдарды ыңғайсыздықтан құтқарды. Бұл, тіпті сәнге айналды деуге де болады. Себебі көзілдірікпен де әдемі көрінуге болады. Алайда, тартымды көрінемін деп макияж жасауда қателіктерге ұрынып жүрмеңіз деп жазады massaget.kz.

1. Қарақоңыр тень

Көзге арналған қарақоңыр макияжды линза тағатын күндерге қалдырыңыз. Себебі көзілдірік артынан көрінетін қарақоңыр тень көзді кішкентай етіп көрсетеді. Одан да ашық түстерге көшіңіз. Көзқарасыңыз терең көріну үшін негізгі түстен 2-3 тон қараңғылау теньді қабақ қыртысына жағып, қарайғанын жақсылап таратыңыз.

2. Көзілдіріктің жиегі түстес сүрме (подводка, лайнер)

Көзілдіріктің жиегі түстес сүрме қолдансаңыз, бірдей болып, ерекше көрінбей қалады. Көзілдіріктің жиегі түсіне қарағанда сүрме түсі екі есе аз болсын. Жиек болса, сүрменің қоңыр немесе күлгін, көк түсін қолданыңыз. Көзілдіріктің сыртқы қалыбы қоңыр болса, қою күлгін немесе қола түстісін қолданыңыз.

3. Кірпікті қайырмау

Көзілдірік киетін болсаңыз, кірпікті арнайы құралмен қайырған жөн. Ол көзді үлкен етіп көрсетуге көмектеседі. Кірпікке тушь жақпас бұрын кірпікті түбінен және ортасынан екі рет қайырып жіберіңіз.

4. Астыңғы кірпікті тушьпен бояу.

Көзілдіріктің жиегі астынан көзіңіздің асты қараңғы болып тұрғаны бет әлпетіңізді шаршаңқы көрсетеді.

5. Бет макияжын жасамау

Көзді үлкейтіп бояймын деп, бет макияжын назардан тыс қалдырмаңыз. Бетке жеңіл тональді крем жағыңыз. Ол беттің қызарғанын басып, барлық зейін көзіңізге түседі.

6. Көзілдіріктің жіңішке және жуан жиегі

Егер көзілдіріктің жиегі жуан болса, көзге стрелканы үлкен әрі ұзын етіп сызуға болады. Егер жиегі жіңішке болса, стрелканы жеңіл, кіші етіп сызуға тырысыңыз. Бастысы стрелка көзілдіріктен шығып кетпегені жөн.

7. Қас туралы ұмытпау

Көзіміз көзілдіріктің ішінен қалай көрінетіне көп назар аударып, оның сырты туралы ұмытып жатамыз. Қас беттің жақтаушасы екенін ұмытпайық. Қас пішіні бетке сай келетіндей сызылып, боялғанын ескеріңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1074592-kozildirikti-qyzdar-makiyazhyndaghy-ba/