Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ешбір диетасыз тек судың көмегімен қалай арықтауға болады?

Опубликовано:

Көптеген қыз-келіншектердің қыс бойы құнарлы тағамдарды тұтынып, көктемге қарай артық салмақ қосып алатыны таңсық емес. Ал сіз ай мүсініңізді қайта қалпына келтіру үшін ешбір диетасыз тек судың көмегімен арықтауға болатынын білесіз бе?

Олай болса, тіршіліктің көзіне балайтын судың сырымен таныс болыңыз деп жазады anabol.kz сайты.

Расында адам ағзасының 70-80 пайызы судан тұрады. Сондықтан судың біздің өміріміздегі орны айрықша рөлге ие. Бірақ судың сұлулығымызға қосатын сүбелі үлесін қаперден шығарып жататынымыз өкінішті.

Америкалық дәрігердің зерттеу жұмыстары бойынша суды аз ішетін адамдардың терісі тез қартайып, әжім түседі екен. Сондай-ақ, күніне 2-25 литр су ішпейтін адамдар толуға бейім тұрады-мыс.

Ал енді  судың көмегімен арықтаудың жолдарына үңілейік. Ресейлік диетологтар әйелдерді артық салмақтан арылту үшін сумен іс-тәжірибе жүргізіпті.

Мамандар оларға таңертең ашқарынға екі стақан салқын су ішуді міндеттеген. Арада 20 минут өткен соң ғана таңғы асты ішуге кеңес берген. Осылайша, әйелдер түскі, бесін, кешкі астың алдында міндетті түрде 2 стақан су ішіп отырған.

Екі аптаға созылған емдік шараның арқасында іс-тәжірибеге қатысқан нәзік жандылардың барлығы 3-4 келіге арықтаған.

Бұдан бөлек, олардың бет терілері нәрленіп, бойларындағы қоюланған қандары сұйыла түскен көрінеді. Ендеше, сіз бен біз де күнделікті 2-3 литр су ішуді әдетке айналдырсақ, артық майдан арылып қана қоймай, денсаулығымызды да жақсарта алады екенбіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1078974-eshbir-dietasyz-tek-sudynh-komegimen-qa/

pixel