Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бала бағуға көмектеспейтін енелерге келіндер не себепті ренжиді?

Опубликовано:

Елімізде өз немересіне ертегі айтпақ түгілі, 5-10 минут көңілін аулаудан қашатын әжелер бар. Нәтижесінде ененің балаға қарамауынан келіндерде түрлі реніштер туындайды. Олардың себебін comode.kz анықтауға тырысты.

Бірінші себеп

Жас ананың үлкен ұрпаққа ренжуінің басты себебі - инфантилизм. Басқа сөзбен айтқанда, "барлық адам маған міндетті" деген талап: көмектесуге міндетті, түсінуге міндетті, т.б. Жасы екідегі адам баласына үлкен адамдар шынымен де көмектесуге міндетті болса, жиырма екідегі адамға ешкім міндетті емес.

Дәл осы ақиқатты жас аналар бірден ұғынып алғаны жөн. Туған нәресте анасының көмегінсіз күн көре алмайтыны анық. Сол себептен, ананың баласына деген махаббатын былай қоятын болсақ, ана оған есейгенге дейін қамқоршы болуы керек.

Бұл дүниеге келу, не келмеу сәбидің шешімі емес. Оның әкесі мен анасының ғана шешімі. Сондықтан, ана баласын қарауға міндетті.  Бұл "жауапкершілік" деп аталады. Жауапкершіліктің инфантилизмге еш қатысы жоқ.

Екінші себеп

Екінші себеп - стереотиптер. "Әже" деген сөзді естігенде, кез-келген адамның көз алдында сиыр сауып, тәтті бауырсақ пісіріп, өз немерелерін бағып отырған адамның бейнесі келеді. Сол стереотипке алданып қалған жас аналар бала бақпайтын өз енесіне немесе анасына ренжиді.

Алайда, келіннің де стереотиптері бар ғой. Келін сол стереотипке сай келмесе, өз-өзіне ренжімейді. Сондай-ақ, енесінің де стереотипті әжеге сәйкес келмейтініне ренжу - әбестік.

Үшінші себеп

Үшінші себеп - туыстық қатынас. Көп жағдайда жас аналар алыс туысқандардың бала бағуға көмектеспейтінін байқамай да қалады. Бірақ, жақын адамдардың балаға ала көзбен қарағанын бірден байқайды. Осылайша, адамдарды "алыс-жақын" деп бөлу, олардың барлығы бірінші кезекте туысқандар болып табылатынын ұмыттырады.

Төртінші себеп

Төртінші себеп - салыстыру. Неге пәленшенің енесі бар жұмысын тастап, немересін бағып отыруға дайын? Ал менің енем неге олай істемейді? Уақыт өте, осындай ойлар ананы өз баласын өзгелерден кем көруге итермелейді.

Не істеу керек?

Ең бастысы, "ешкім ешкімге міндетті емес" деген ережені жаттап алу. Ешкім сіздің балаңызды бағуға, қарауға, жақсы көруге міндетті емес. Ененің жүрегінде балаға деген әжелік махаббат жоқ болса (ал бұл әдбен мүмкін), туыстық қарым-қатынас еш көмектеспейді. Әрі кеткенде, аяныш сезімін ғана тудырады. Сіз ененің баланы аяғандықтан, жақсы көргенін қаламайсыз деген ойдамыз.

Әже мен ата - қарапайым адамдар. Олардың өз қалауы бар, бос уақытын қалай өткізгісі келсе, солай өткізуге құқығы бар. Прагматизмнің әсерінен, біз көп жағдайда әжелерді бала күтімімен айналысатын адамдар ретінде қабылдаймыз.

Интернеттегі кейбір мақалаларда, тіпті бала қарағаны үшін әжелерге ақша төлеп тұру керек деген кеңестер берілуде. Бұл отбасы иерархиясына қарсы келіп, отбасылық құндылықтардың жоғалуына әкеледі.

Бала баққаны үшін енеңізге рахмет айтқыңыз келсе, жалдамалы адамға ақша бергендей оны ұялтпай, материалды көмек көрсетудің басқаша түрлерін таңдаңыз. Туыстық қарым-қатынас ақша негізінде құрылмауы керек.

Ата-аналар әже мен немеренің арасындағы көпір сияты. Сол себептен, олардың басты міндеті - екі ұрпақтың арасын ажыратпай, жалғастыру.

"Ол бәрібір менің баламды жек көреді, одан да араласпай-ақ қойсын" деген тұжырымды ұстанатын аналар көп ұзамай өз енесімен, не анасымен қарым-қатынасын бұзады.

Шынын айтыңызшы, сіздің не күйеуіңіздің туыстарының арасында сіз ұнатпайтын адамыңыз бар ғой? Сіз оны ұнатпауға құқылысыз ба? Әрине. Дәл сіз сияқты, өзге адамдардың да дәл сондай құқығы бар. Жақсы көрмеу құқығы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1083922-bala-baghugha-komektespeytin-enelerge/

pixel