Отандық психолог ғашық жандарға кеңес берді
Опубликовано:
Екі жанды бір-біріне ынтықтыра түсетін, ғашықтық сезімі отты алау секілді, өшуі қиын болса да, шоғы жүректе қалатын мәңгілік сезім. Ендеше ғашық жандарға ұсынар психологтың кеңестеріне көз жүгіртіңіз деп жазады anabol.kz.
Сонымен, отандық психолог Қанапияева Балжан келесі кеңестерін тізбектеді:
1. Сүйген жанды ренжітпеуге тырысыңыз
2. Шын сүйсеңіз, айтыңыз, қатты жақсы көрсеңіз, құшақтаңыз
3. Құшақтау арқылы адам жаны жылынады, кейін сүйгеніңіздің құшағын сағынып тұрасыз
4. Ренжітуге жағдай жасамаңыз
5. Жібектей жұмсақ сөз тас жүректі де жібітеді
6. Жұмсақ болуға тырысыңыз
7. Сізді құрметтеп сүйсін десеңіз, сіз де сондай жағдай жасауыңыз шарт
8. Махаббаттың да, адамның өмірі секілді, өзінің даму заңдары, өзінің өмір жасы болады. Оның да құлпырған көктемі, жалынды жазы бар, ақырында кейбіреулер үшін шуақты, нұрлы да жемісті, екінші біреулер үшін сұп-суық, жұтаң күзі болады (В. Г. Белинский)
9. Әйел еркектің қабырғасынан жаратылған. Егер қисық қабырғаны түзетем десең, сындырып аласың. Сондықтан онымен ұғынысып өмір сүр, сонда бірге тұра аласың (Хадистерден)
10. Егер ерлі-зайыптылар бастары қосылғанша бір-бірінің құлқын, әдеттері мен мінездерін біліп алмаса, некенің бақытты болуы мүмкін емес (О. Бальзак)
11. Құшақтау арқылы арадағы салқындықты шешуге болады
12. Айтар сөзіңіз болса, айтыңыз, тек жан жүрегіне ауыр тимесін
13. Сыйлық жасап тұрыңыздар, арада сыйластық пен жылуылық пайда болады
14. Сізді ренжітсе, үндемеуге тырысыңыз, үндемеу даналықтың белгісі
15. Арсылдап ұрыс іздеп тұратын қыздарды ер жігіттер ұната бермейді
16. Әйел заты болып жаратылғандықтан, нәзік болу, ұялшақ болу оның табиғаты
17. Ер жігіттер атыңызға да мән береді, өз атыңызға затыңыз сай болсын
18. Сүйген жаныңызға ерекше аттар ойлап табыңыз, "жаным", "күнім" деген сөздерден ерекшесін
19. Шын сүйсеңіздер, соңына дейін бірге болыңыздар
20. Адал махаббат әр жанға қымбат болып табылғандықтан, адал болыңыздар. Адалдық - ерлі-зайыптылар ауызбіршілігінің айқын белгісі (Д. Фонвизин)
21. Сүйген жанды қалтасына қарап емес жүрегіне қарап бағалаңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1091494-otandyq-psikholog-ghashyq-zhandargha-kenhe/