Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер азаматтар сүйіктісінен нені қалайды?

Опубликовано:

Ер азаматтардың нені қалайтынын білгісі келетін нәзік жандардың аз еместігі анық. Осы орайда ерлердің қалауын анықтайтын сауалнама нәтижесін anabol.kz сайты жария етті.

Төмендегі жауаптар алдарына нақты мақсат қойып, оң-солын айыра білетін, беделді ер азаматтар арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы негізінде дайындалған.

Қарым-қатынастағы шыншылдықты қалайды

Ерлер екінші жартысының шыншыл болғанын, ешқашан алдамауын қалайды. Сондай-ақ ойындағысын, тілектері мен қажеттіліктерін ашық жеткізетін, өз сезімдері мен ар-намысын таптатпайтын жандарды ұнатады.

Бұл турасында әйелдердің ойы қандай? Олар керісінше ойлайды. Ерлердің «әйелдер ешқашан ауыздарын ашпаса, қалауы мен тілегі жоқ, үнсіз қуыршақ сияқты болса...» деген ойда екеніне кей әйелдер 100 пайыз сенімді.

Екінші жартыларының өздеріне сенімді, батыл болуын қалайды

Ерлер жанындағы жартысының еркін, батыл, өздеріне сенімді болғанын қалайды. Сондай-ақ өз ортасында сөзі жүретін, қызығушылықтары мен айналысатын ісі бар болса деп армандайды. Сүйіктісінің нәзік те, қайсар болғаны – еркектер үшін үлкен бақыт.

Бұл турасында әйелдердің ойы қандай? Олар «ерлер әрдайым өздерінің ғана биікте болғанын қалайды» деп қатты шатасады.

Айла, қулықты қаламайды

Ерлер сүйіктілерінің ойын оқуды, қандай да бір ым-жымның шешуін іздеуді қаламайды. Сондай-ақ әйелдер оларды айла-тәсілмен «жетелегендерін» қаламайды.

Бұл турасында әйелдердің ойы қандай? Олар «ерлерге ойымыздағыны орындату үшін оларды алдап-сулауымыз керек, яғни айла қолдану ғана дегенімізге жеткізеді» деген ойда.

Сондай-ақ, «ерлерге әрдайым белгі беріп, алға «сүйреп» отыру керек. Өйткені олар өздігімен аттап қадам баспайды» деп қатты қателеседі.

Жауапкершілік пен алға жылжуды қалайды

Ерлер қуыршақтарды емес, «тірі» әйелді сүйіктісі ретінде көргісі келеді. Өз ісіне күле алатын, қателіктеріне аса уайымдамайтын, сондай-ақ қайда болсын, оның ішінде, әрине, екеуара қатынаста тек алға жылжыйтын әйелдерді ерекше бағалайды. Сонымен қатар ерлер өзін жан-жақты дамытып, мойнына жауапкершілік ала алатын қайсар қыздарға ынтық.

Бұл турасында әйелдердің ойы қандай? Олар «ерлер тек көңілді уақыт өткізуді ғана қалайды. Олар үшін ақыл, қайырым, мейірімділік, сыйластық, әсіресе, махаббат сияқты ұғымдар мүлде жоқ, бастысы, жандарында супер-модель болса болғаны» деген ойда.

Сенімді қалайды

Сенім ерлер үшін өте маңызды. Олар екінші жартыларының басқаларға көз салмайтын, нақсүйер болғандарын қалайды. Қарым-қатынаста бір-біріне деген сенімнің болғанын құп көреді.

Бұл турасында әйелдердің ойы қандай? Олар «барлық ерлер тек төсек қатынасын ғана қалайды. Олар сенім дегеннің не екенін білмейді, әрі табиғатынан жүргіш келеді. Егер қарым-қатынаста қандай да бір қиындық туса, тезірек қашып құтылады» деген бұрыс пікірде.

Қолдау мен алғыс естігілері келеді

Ер азаматтар кішкентай қадамның өзін елеп, ескеретін әйелдерді жақсы көреді. Бұл – ерлер үшін тек мадақ пен мақтау ғана емес, алға итермелейтін стимул. Олар мақтау мен алғыс естіген сайын, одан жақсы болу үшін талпынады екен.

Бұл турасында әйелдердің ойы қандай? Көптеген әйелдер ерлерінің осал тұстарын бетіне басып, оны жігерлендіремін деп ойлайды. Ал «алғыс айту, мақтау, қолдап-қолпаштау ерлерге керек емес, олар ондай жақсылықты бағаламайды» деп ойлайды. Сондықтан да олар алғыстың орнына сынап-мінегенге шебер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1092922-er-azamattar-suyiktisinen-neni-qalay/