Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелдер төсекте жиі жіберетін қателіктер

Опубликовано:

Жігіттер әйелдердің төсек қатынасында жіберетін қателігін бес саусақтай білгенімен, сүйіктісін ренжітіп алудан қорқып, айтудан жасқанады. Бұл дәлелденген құбылыс деп жазады anabol.kz сайты.

Сондықтан «жігіттер көзімен» әйелдің төсекте жіберетін қателіктеріне назар аударыңыз:

Бірқалыптылық

Яғни, өзгерістен қорқу. Сексологтар бұл тақырыпта негізінен, әйелдерге қарағанда ерлердің көп ізденетінін айтады. Демек, әдістердің түр-түрлісін қалайтын да ер адамдар. Бірақ, нәзік жандылар қарсылық білдіріп, кейде, «өзгерістерді» жақтырмайды.

Ұяңдылық

Бұл қазақ әйелдеріне тән бірден-бір қасиет. Бірақ, жақсы дей алмаймыз. Себебі, «ұят болады», немесе «мені тәрбие көрмеген демей ме» деген күдіктер – бос әурешілік. Төсекке тәрбиенің мүлде қатысы жоқ.

Белсенділік танытпау

Жігіттердің басым бөлігі әйелдерінің тура осы әрекетіне шағымданса керек. Бұл еріңіздің «еңбегін еш етумен» тең.

Тазалық

Негізінен, тура осы төсек қатынасына келгенде, ерлер аса сезімтал. Кез-келген дене мүшеңіздің тап-таза болуы, әрі хош иіс аңқуы - олар үшін ең үлкен қуаныш. Кей нәзік жандылар осы қажеттілікті ескере бермейді.

​Артық әңгіме

Әйелдердің көп сөйлетіні бесенеден белігілі. Күні бойы көрген-білгенін еріне айтуға асығады. Кейде ол үшін, төсек қатынасы да кедергі бола алмайды. Мұндай жағдайда ер адамдарға «ісін жалғастыру» аса қиындық тудырады. Және өзін әйеліне қызықсызбын деп ойлайды.

Әр минуттың қадіріне жете білу

Демі жиілеп, махаббатпен айналысқан екеудің қара терге түсуін, әсіресе әйел адам сезініп, әр сәттің қадіріне жете білуі керек. Ерін аймалау, болып жатқан қатынастан алған ләззатын дауыспен білдіру – бұл да төсек қатынасын тәттірек етеді.

Мамандар әйелдердің 80 пайызы төсек қатынасының ұзаққа созылуын қалайтынын айтады. Олай болуы үшін, жоғарыдағы кемшілікті қайталамаңыз. Ері мен әйелінің қарым-қатынасы қалыпты болуы үшін, төсектің орны ерекше. Және қазақтың саны сөйткенде ғана көбейеді. Ажырасуға да алып келетін бірден-бір бағыт- осы. Сондықтан, ойланыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1098963-ayelder-tosekte-zhii-zhiberetin-qateli/