RU

Жақсы ана атану үшін не істеу қажет

Жақсы ана болу үшін не істеп, ненін ұмытпау керектігін отандық психолог Балжан Қанапияева anabol.kz сайтында тізбектеді.

Сонымен, жақсы ана болуға арналған кеңеске құлақ түріңіз:

1. Балаға керегі - сіздің көңіл бөлгеніңіз, ақшамен көңілін табамын деп ойламаңыз;

2. Балаңыз уақытын тиімді пайдаланып жүр ме? Қадағалаңыз;

3. Баланы қуантатын нәрсе - анасының көңіл-күйінің көтеріңкі болғаны;

4. Ашу үстінде тұрғанда, балаңызға айқайлап ұрсушы болмаңыз, балаңыз бірбеткей жасық болып өседі;

5. Әр ана өз баласының бақыты болғанын қалайтынын ұмытпаңыз;

6. Балаңызға қаншалықты қуаныш сыйлағаныңызды есіңізге түсіріп көріңіз;

7. Балаңыз сізге қарап бой түзейді, қызыңыз болса, сізге ұқсағысы келеді, ұлы әкесіне қарап тәрбие алады. Сондықтан өзіңізді тәрбиелеңіз;

8. Бар кінәні баладан көрместен бұрын, сіз өзіңізге мен қандай анамын деп сұрақ қойыңыз? Жауабын өзіңіз табасыз;

9. Жақсы ана болу - балаңызға деген құрметіңіз, балаңыздың сізге деген құрметі;

10. Балаңыздың сүйікті асын дайындауды әдетке айналдырыңыз;

11. Еріңізге де көңіл бөліңіз, балаға көп көңіл бөліп, ер-азаматыңызды ұмытып кетпеңіз. Ол да - сіздің жүрегіңіздің жартысы, махаббатыңыз;

12. Жақсы ана болу - отбасының тыныштығы мен берекесі;

13. Жақсы ана болуға жетелейтін сіздің балаңызға деген мейірімді жүрегіңіз;

14. Қазақтың әрбір әйел заты өз баласын қазақы дәстүрмен, мықты мәдениетімен тәрбиелесе, баладан көп үміт күтуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1105396-zhaqsy-ana-atanu-ushin-ne-isteu-qazhet/