30-ға толған әйелде болуы тиіс нәрселер

Опубликовано:

Қысқа шалбарлар, денеге жабысып, тырысып тұратын топ, түрлі-түсті сәнді аяқ киімдер, сүйікті әншіңнің бейнебаянға түскенде киген киім үлгілері, тағысын тағылар. Мұның бәрі – 20 жастың еншісінде қалатын шағын тәжірибелер ғана деп жазады anabol.kz.

Ал 30 жасыңызда сізде не болуы керек? Ол мінез-құлқыңызда, іс-әрекетіңізде, имиджіңізде де көрініп тұруы тиіс. Яғни өзіңізді, өз табиғатыңызды танытатын, өзгеден айырып, өзгешелеп тұратын мінезбен қатар стиль де болғаны жөн.

1.  Туфли

Сәнді сандалиден гөрі, кішкене болсын, өкшесі бар классикалық туфли сіздің жасыңызға да сай келіп, образыңызды толықтырып тұрмақ.

2. Костюм

Мейлі, креативті салада қызмет атқарсаңыз да, гардеробыңызда бір костюмнің болғаны дұрыс.

«Костюм киген адам салмақты, байсалды көрінеді және айналасындағылардың ол адамға деген көзқарасы да бірден өзгереді, құрметпен қарайтын болады», – дейді психологтар.

3. Қымбат сағат

«Ерекше образ жасай білетін аксессуарлардың қатарын сағат бастап тұрады» десек те артық болмас. Қолдағы қымбат сағат иесінің дәрежесінен де хабар беріп тұратындай. Сондықтан бір қымбат сағатқа қайткенде ақша жинауға болады.

4. Далап

Әрине, далаптың дәл сол түсін күнделікті жағып жүру міндетті емес. Десе де, өзгеден ерекшелендіріп тұратын өз түсіңіздің болғаны жөн. Әдетте, келіншектерді ел бетіне қарап танитынын ұмытпаңыз. Ал елдің назары көзден кейін ерінге түсетін көрінеді.

5. Иіссу

Иіссудың тек біреуімен шектеліп қалуға болмайды. Десе де, елдің есінде қалғыңыз келсе, иіссудың бір-біріне ұқсас тобын таңдағаныңыз жөн.

6. Сүйікті әшекей

Саусағыңыздан тастамай тағатын сақинаңыз немесе үнемі білегіңізде жүретін білезігіңіз бар ма? Жоқ болса, ешқашан тастамай тағатын өз әшекейіңізді табыңыз.

7. Сүйікті сөмке

Сөмке үлкен не кіші, ақ не қара, қолға ұстайтын не иыққа асатын деп емес, қымбат не арзан деп қана бөлінеді. Ал сіздің отыздан асып, әлі күнге арзан сөмке ұстап жүруіңіз ұят болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1107703-30-gha-tolghan-ayelde-boluy-tiis-narseler/