Ер азамат жарына неліктен қол көтереді

Опубликовано:

Қазіргі таңда отбасындағы ұрыс-жанжалдар қол көтеруге ұласатын болған. Отбасында ұрыстың шығуы неден бастау алады? Ер адамдар жарына не үшін қол көтереді? Бұл сұрақтарға отандық психолог Балжан Қанапияева anabol.kz сайтында жауап беруге тырысты.

Отбасының татулығын бұзатын жанжалдарды шешу үшін, алдымен төмендегі кеңеске құлақ түріңіздер:

Қол көтерудің негізгі себептері:

1. Қаржы мәселесінің жеткіліксіздігі

Отбасы болып үйленгеннен кейін, қаржы мәселесі қай жерде де болмасын бірге жүреді. Қаржылық мәселе отбасының шырқын бұзып қана қоймай, қол көтеруге дейін апарады.

Бұл орайда не істеу керек?

- Жалақыны үнемдеп ұстауды үйреніңіз, керегіңізге ғана жұмсаңыз;

- Екеуіңіз де жұмыс істейтін болсаңыздар, менің жалақым көп, сенің жалақың аз деп салғыласуды қойыңыздар;

- Егер де бар қиындықты бірге жеңбесеңіздер, не үшін үйлендіңіздер? Шын сүйіп үйленген жандар қай мәселені болса да бірге шешеді.

Еріңіз ақшаны үнемдеп ұста десе, айтқанын орындаңыз.

2. Қызғаныштан туындайтын жанжалдар

- Сіз өзіңізді қызғандырмас үшін, мінез-құлықыңызды жақсы жаққа өзгертіңіз;

- Кешкілік тойларға немесе жиындарға барғанда, тым ашық-шашық киінбеңіз. Сол киімге бола қаншама дау туындайды;

- Әлеуметтік желіде көп отырмаңыз, қарапайым ғана ұялы телефоныңызды жарты сағат бойы күйеуіңіздің көзінше ұстап қарап отырсаңыз, соның өзіне күйеуіңіз қызғанып ұрыс шығарады.

- Қызғандырамын деп соңында опық жейтіндер де бар. Сол себепті, қызғандырудың орнына күйеуіңізді өзіңізге ғана қызығатындай әдемі сұлу болып жүріңіз.

3. Ұсақ-түйектен туындайтын жанжалдар

- Болмашы нәрсеге бола ренжіп қалу. Себебін білмесеңіз несіне ренжисіз;

- Ренжіген болсаңыз үндемеңіз;

- Құлаққа жағымсыз тиетін сөзден аулақ болыңыз;

- Күйеуіңізге не болса, соны айтып, басын қатырмаңыз;

- Баларыңыздың көзінше ұрсыспаңыздар.

Жақсы отбасы дегеніміз – кемшіліксіз отбасы емес, кемшіліктерін дер кезінде түзетуге тырысатын отбасы. Бастысы арадағы махаббат сезімі бәрін де жеңіуі керек.

4. Ішкіліктен туындайтын жанжалдар

- Егер күйеуіңіз қатты ішетін болса, арнайы мамандарға көрсетіңіз.

- Сізге мас күйінде бірінші рет қол көтерсе, ешкімге айтпай шыдауға болады. Екінші рет дәл солай қайталанса, ең алымен өзіңізді ойлаңыз. Сіз күйеуіңізден таяқ жеу үшін үйлендіңіз бе, жоқ әлде өмір бақи жалғыз қаламын деп ойлайсыз ба? Өзіңізді ойламасаңыз, сізді ешкім де ойламайды. Ішкілікке салынған адамның ойлау жүйесі де, психологиясы да басқаша болады. Соны көріп өскен балаларыңыз кейін жасық, тұйық, өмірге деген өкпе реніші көп болады.

- Ішкілікке салынған күйеуіңізбен балаңызды ойлап, бірге сол күйі тұра аламын десеңіз, қателескеніңіз;

- Ішкіліке салынған әкесін кім жақтырады деп ойлайсыз. Өмір мұнымен тоқтап қалған жоқ;

- Өзіңізді сыйламасаңыз, құрметтемесеңіз, сізді ешкім де сыйламайды;

- Сіздің де бұл өмірде бақытты болуға құқыңыз бар.

Дегенмен, сізге отбасын бұзып, баланы әкесіз өсір деген кеңес бермейміз. Белгілі бір шешім шығару үшін оны жан-жағынан қарастырған жөн. Ішкілікке әуестігін қойдырып, жап-жақсы отбасы болып отырғандар да бар. Бойды да, ойды да түзеп, алға қарай жылжу өз қолымызда екенін ұмытпасақ болғаны.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1113010-er-azamat-zharyna-nelikten-qol-kotered/