Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жыныстық қатынастың сапасын арттыру жолдары

Опубликовано:

Секс сапасын арттырудың жолдарымен таныс болыңыз деп жазады anabol.kz сайты.

1. Ішімдіктен аулақ болыңыз.

Ішімдік адамды жасқаншақтықтан арылтады, көңіл-күйді көтереді деген пікір дұрыс емес. Адамның еркінсуіне аздап көмегі болғанымен, өз мөлшеріңізден ассаңыз болды, шектен шығып кету қаупі бар екенін естен шығармаған абзал. Сондықтан сіз жақын арада жұбыңызбен төсекте жарасым табамын деп жоспарласаңыз, ішімдік атаулыдан бас тартқан дұрыс.

Себебі, ішімдіктің қандағы мөлшері ер адамның эрекциясына теріс әсер етсе, әйел адам да қынап сұйықтығының бөлінуін тежейді. Әйелдің де, еркектің де сезім мүшелерінің жұмысына кері ықпал ететіндігі де рас. Сезімталдық болмаған жерде, секстің де нәрі кететіні жасырын емес.

Оргазмді сезіну де қиынға түседі. Әрине, оған жете алсаңыз. Себебі, алкоголь – бір сөзбен айтқанда депрессант , ол орталық жүйке жүйесі мен ішкі жыныс мүшелерінің өзара үйлесімге келуіне, «байланысқа» түсуіне мейлінше кедергі жасайды.

2. Иықты тік ұстаңыз

Адам өз денесін дұрыс ұстай білуі оның психологиялық жай-күйіне тікелей байланысты екенін білеміз. Сол себепті, оның секс сапасына да әсер ететінін айтудың өзі артық болар. Бүкіреймеуге тырысыңыз.

Бүкірейген денеде кортизол (күйзеліс гормоны) мөлшерінің артып, тестостерон (жыныстық құмарту, шәуеттің түзілуі, эрекцияға және клиторға қан құйылуға әсер ететін басты гормон) мөлшерінің төмендеуіне ықпал етеді. Сондықтан, тік отырып, тік жүруге бұрыннан қосымша себеп іздеген болсаңыз, міне, сізге жаңа стимул.

3. Өзіңізді ретке келтіріңіз

Жоқ, бұл жерде бәрі бірдей арық, әдемі болсын дегеннен аулақпыз. Мысалы, мен арық емеспін. Бірақ өз денеме сай келетін етім де, аздап майым да бар. Бірақ, «артық май + іс-қимылдың аздығы» өмірдің қай қырын алсаңыз да, жағымсыз ізін қалдыратыны жасырын емес. Секс те соның бірі екенін жақсы білесіз. Егер сіз махаббат «майданында» тынысыңыз тарылып немесе алқынып кетсеңіз, өзіңізді қолға алатын уақыт келді.

Семіздіктің қантамырлардың жағдайы мен оның қан өткізу қабілетіне тигізетін теріс әсерін бәріміз білеміз. Бұл қан еркектің жыныс мүшесіне де оңай түсе қоймайды дегенді білдіреді. Яғни, эрекция проблемаға айналуы да әбден мүмкін. Ал семіздіктің психологиялық тұрғыдан алғандағы кемшіліктері қаншама? Өз денесіне көңілі толмайтын адам рахатты сезінбек түгілі, «жақындасуға» да ұялатын болады.

4. Аяқты жылы ұстаңыз

Үлкен кісілер біліп айтады. Кішкене күнімізде де, қазір де «аяғыңа жылы шұлық киісеңші» дегенді жиі еститін қазақпыз. Бірнеше жыл бұрын Ұлыбританияда жүргізілген зерттеу әйел адамның оргазмы мен аяқтың жылы жүруінің арасында үлкен байланыс барын анықтаған.

Табаны қызып тұрған нәзік жандылардың орта есеппен алғанда 80%-ы оргазмды сезінсе, аяғы суық әйелдердің 30%-ы ғана рахат сезіміне бөлене алған. Оның себебін анықтау үшін қосымша зерттеулер жүргізілген жоқ. Бірақ теориялық тұрғыдан бұның бәрі денедегі жайлылық пен психологиялық жайлылықтың өзара үйлесімде бола алуынан деп түсіндіріледі.

Бұны тексеру қиын емес: кез-келген сексолог сізге денені босату мен қауіпсіздік сезімінің төсектегі әйел адамның өзін жайлы сезінуінің бірден бір шарттары екенін айта алады.

5. Шылым шегуден бас тартыңыз

Шылымға әуес ер адамдар арасында эрекция қызметі төмендер шылым шегіп көрмегендерге қарағанда екі есе жиі кездеседі. Бұл жерде бар мәселе – қантамырлардың тарылып кетуінде, бұл бірте-бірте қалыпты жағдайға айналып кетуі мүмкін. Темекінің басқа да теріс жақтарын сөз етпегеннің өзінде, осы мәселеге келгенде, мүмкін шынымен ойлануға болатын шығар?

6. Денеңізбен достасыңыз

Әйел адамдардың жыныстық қатынас кезінде де әдемі көрінгісі келетіні жасырын емес. Сол себепті олар кеудесінің көз тартатындай болуын, дене пішінінің сымбатты көрінуін ойлап, біраз мазасы кетуі де мүмкін. Бұндай жағдайда оргазм туралы ұмытқан жөн. Себебі, қасыңыздағы ер адам секстің нағыз шебері болса да, сіздің өз денеңізден қысылып, сезімге беріле алмай жатуыңыз бәріне кедергі болады.

Өзін-өзі кемсіту – кез-келген әйелдің сексуалдық өмірінің ең басты дұшпаны. Бұл – сізді секс жағынан тежейтін, жасқаншақ ететін, сезімге берілуге кедергі келтіретін жағымсыз сезім. Мәселе оңай шешіле қоймасы анық: өзіне өзі көңілі толу үшін, адам көп еңбектенуі қажет. Тіпті, психолог көмегіне жүгіну де артық етпес. Дегенмен де, мәселе шешілгенше, ұзақ уақыт күткеннен гөрі, еріңізбен бірге өткізетін ләзатты сәттерді құр жіберіп алмауды да ойлаған дұрыс. Іске сәт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1114941-zhynystyq-qatynastynh-sapasyn-arttyru/

pixel