Қазақ әйелдері ажырасқан адамдар туралы пікірлерімен бөлісті

Опубликовано:

"Қазақстан" арнасының "Әйел бақыты" бағдарламасы қазақ әйелдерінің ажырасқандарға деген көзқарасын білу үшін сауалнама жүргізді.

"Қыздардың қайтып келгені дұрыс емес қой. Шаңыраққа келін болып түскеннен кейін, сол жерге тастай батып, судай сіңгені дұрыс".

"Мінез-құлқы жағынан келісетіні бар, келіспейтіні бар. Ажырасу әртүрлі жағдайларға байланысты болады. Оны дұрыс деп те айта алмайсың, дұрыс емес деп те айта алмайсың".

"Енді олар қандай жағдаймен ажырасып жатқанын біз білмейміз ғой. Сондықтан оларға бірдеңе деп айта алмаймын, өйткені өзімнің де екі балам бар".

"Қыз жаман, ұл жаман деп айта алмаймыз, өйткені біз білмейміз ғой қандай мәселе болғанын, неліктен олар ажырасып кеткенін. Мәселені өздері бір-бірімен сөйлесіп, шешуі тиіс".

"Жастар бір-бірін сүйіп, жақсы көріп қосылғаннан кейін ажырасып кету дегенді дұрыс емес деп ойлаймын. Қайтып келген қыз жаман дейді, енді қайтып келмей, қайда барады? Ажырасқаннан кейін қайтып келеді".

"Ажырасқан деген біздің ұлттың мінезі бойынша қиын ғой. Отбасылы болған соң  бақытты тұрмыс кешкендерін қалаймын мен. Жастардың ажырасқаны дұрыс емес деп ойлаймын".

"Ажырасқан деген теріс дүние. Отбасы болғаннан кейін ұрыс-керіс болады. Соған шыдау керек. Үйлену оңай, үй болу қиын деген. Отбасы болғаннан кейін ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Сол үшін әйел адам оған төзу керек".

Еске салсақ, бұған дейін қазақтың ер азаматтары ажырасқан әйелге деген көзқарасымен бөліскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1116030-qazaq-ayelderi-azhyrasqandargha-degen/