Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемге танымал бьюти-блогер әйелдерге бетін қыруға кеңес берді (видео)

Опубликовано:

13 миллионнан астам жазылушысы бар әлемге танымал бьюти-блогер Худа Каттан нәзік жандыларға бетін қырып жүруге кеңес берді. Бұл туралы Comode басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Бьюти-блогер, тіпті қалай қырыну керектігін өз бетіне тәжірибе жасап көрсеткен.

"Мұны аты аңызға айналған Мэрилин Монро, Элизабет Тейлор секілді танымал тұлғалар да қолданған. Тек артық түктен құтылу мақсатында ғана емес, терісінің жастығын сақтап, тыртықтардан арылу үшін де пайдаланған. Тіпті қырынуды пилингтің орнына қолданған десе де болады. Мен де байқап көруді шештім. Нәтижесіне разымын. Енді тұрақты түрде қырынып тұрамын. Өзгелерге де осылай істеуге кеңес беремін. Себебі, түксіз бетке макияж жақсы жасалынады", - дейді Худа.

Бұл қадамға батылы жеткендерге блогер келесі кеңесін береді:

1. Қарапайым қырынғыш құралдың орнына арнайы тік қырғышты қолдану. Өзінікін ол Amazon-нан немесе eBay-ден сатып алады;

2. Қырыну кезінде теріні аздап тартып тұру. Ең бастысы тері құрғақ әрі таза болуы тиіс.

"Мен сулы қырынудан кейін түк тезірек әрі қайраттырақ болып шығатынын байқадым", - дейді ол.

Худаның көптеген жазылушылары қырынудан түк екі есе өсіп кететінін айтып, бұл ойын онша қолдамайтындарын алға тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1116271-alemge-tanymal-byuti-bloger-ayelderg/