Қандай жағдайда жігітіңізден бас тарту керек?
Опубликовано:
Жаныңыздағы серігіңіздің бойынан келеңсіз қылықтарды байқадыңыз. Алайда, не істеу керек екенін білмейсіз бе? Қандай жағдайда жігіттерден бас тарту керектігін Comode басылымы тізбектеді.
Басында жігіттердің барлығы жақсы көрінгенімен, уақыт өте келе ұнамсыз әрекеттерін байқауға болады. Ескертуіңізді елемейтін болса, қандай амал жасау керек? Әрине, бас тартып екі жаққа кеткен дұрыс.
Жігітіңіздің ата-анасы, достары, туыстарымен таныстырамын деген уәдесін орындамауы
Бірнеше жыл уәде береді, алайда орындамайды. Егер ол жақындарымен ұзақ уақыт бойы таныстырмаса, онда жігітіңіз қасында сіздің жүргеніңізді бөгде біреудің көруін қаламайды. Егер ол достарына сізді қызым деп таныстырмаса, әрі сізді шеттететін болса, онда ол жақсы белгі емес.
Жүріс-тұрысыңызға тыйым салып, шаш үлгіңіз бен киіміңізді өзгертуін сұрауы
Сіздің бойыңыздағы кемшілік тұстарыңызды ескертіп айтып отырса, ол әрине жақсы. Махаббат үшін сәл өзгерген дұрыс, бірақ серігіңіз сіздің әдеттегі кейпіңізді жақсы көруі керек.
Егер ол сізбен емес, достарымен көп уақытын өткізетін болса
Егер сіздің ортаңыз ол адамға ұнамайтын болса, бірге қыдырмайтын болсаңыз, ол сіздің серігіңіз емес. Ол сізді әзілге айналдырған достарына үндемейтін болса, онда қоштасатын кез келді деген сөз.
Ер адамыңыздың сізді тыңдамай, үнемі тек өзі туралы айтуы
Ол өзімшіл адам болғаны. Ол үшін сіздің қайда барғаныңыз, неге қайғырып отырғаныңыз бәрібір. Бастысы оған кеше ол керемет дәмханаға отырып, оның иті қыдыру кезінде қашып кете жаздағаны туралы әңгімесі ғана қызық.
Оның даяшы, сатушы, өтіп бара жатқан адамдарға дөрекі сөйлеуі
Ол сізбен сыпайы сөйлеп, басқа жерде жағымсыз әрекеттер жасаған болса, уақыт өте келе сізге де солай жасайтын болады. Ол шыдамсыз, біреудің еңбегін бағаламайтын адам.
Ол сізден үлкен көлемдегі ақша сұрап, айтулы күндерді ұмытып кетсе, алға ұмтылып, жұмыс істемейтін болса, ондай еркектерден тез арада құтылу керек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1121160-qanday-zhaghdayda-zhigitinhizden-bas-tar/