Етеккір кезінде қалай сақтануға болады?

Опубликовано:

Кейбір жұптар үшін бір аптаға созылатын цикл бір жылға созылатындай көрінеді. Сондықтан олар бірнеше күнді күте алмай, мұндай күндері де төсек қатынасына түсе береді деп жазады comode.kz.

Етеккір уақытында секспен айналысқан қаншалықты дұрыс? Денсаулыққа пайдасы бар ма?

Егер сүйіктіңіз бұл уақыт аралығына қарамастан, сізге қолқа салып қоймаса, бас тартпаңыз. Бастысы ережелер мен амалдарды іске асыра отырып, сезімге берілгеніңіз дұрыс.

Тазалыққа көңіл бөліңіз

Керуетіңіз бен астыңыздағы төсек жаймасы бүлінгенін қаламасаңыз, бір реттік төсекке арналған жайманы пайдаланыңыз. Сондай ақ қасыңызда сүрту үшін орамалдың болғаны дұрыс.

Классикалық іс әрекеттерді жасаңыз

Секс уақытында көбіне классикалық әрекеттерді орындағын жөн. Себебі, астыңыздан көп қан кетіп қалуы мүмкін. Тағы бір тоқтала кететін жәйт, бұл кездері жатырдың мойыны төмен орналасуы да мүмкін, сол үшін қатты қимыл жасамау керек. Егер бір жеріңіз ауырып, өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, бәрін тоқтатқан дұрыс. Сақ болған абзал.

Секс үшін душ қолайлы

Бұл жер тек тазалықтың кепілі емес, сондай ақ әр түрлі жағдайдың болуына көмектеседі. Егер ванна бөлмесі ыңғайлы болса, бұл жерде неге қалауыңызды жасамасқа?

Төсек қатынасына түскен соң, душ қабылдаңыз

Еттекір кезінде сезімге беріліп, серігіңізбен жақын қарым-қатынаста болғаннан кейін, суға түсіп, жуынуды ұмытпаңыз. Сонда ғана өзіңізді жақсы сезінетін боласыз.

Сақтаныңыз

Мұндай кездері төсек қатынас арқылы көптеген вирустар жұғуы мүмкін. Сондай ақ цикл уақытында жүкті болуып қалуыңызда ғажап емес. Сол үшін мүшеқапты пайдаланып, сақтанған дұрыс.

Етеккір кезінде секспен айналысудың артықшылықтары:

Бұл кездері секс уақыты азая түсіп және қажет емес сұйықтықтан арылуыңыз мүмкін. Цикл аралығында болған секс іш ауруларын болдырмауға көмектеседі.

Тағы да оқыңыздар:

Перзентханаға түскен аналарға керек кеңестер

Сүйіктіңіз үшін қалай стриптиз билеген дұрыс?

Жыныстық қатынас кезіндегі тазалық

Арықтауға арналған сусындар

Жыныстық қатынас туралы қызықты жайттар

Алғашқы секс немесе қыздықпен қоштасу (+18)

Сүйісу туралы қызықты деректер

Күйеуіңізді қайта қызықтыру үшін не істеу керек? (+18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1140146-etekkir-kezinde-qalay-saqtanugha-bola/