Жігіттерге арналған эротикалық массаждың қыр-сырлары

Опубликовано:

Жігіттерге арналған эротикалық массаж жасаудың қыр-сырларын massaget.kz сайты назарларыңызға ұсынады.

Сүйіктіңіз ішпен жатқан кезде, толығымен өз-өзін жеңіл ұстап, еркін жатуы керек. Барлық қимылдар баяу, нәзік болғаны дұрыс. Сылап-сипап, массажды мейлінше ақырын, баппен жасауға тырысыңыз. Қатты массаж оны қоздырмайды, тек шаршатып жалықтырады.

Негізгі іс әрекет: сүйіктіңізді шалқасынан жатқызыңыз. Осы қалыпта негізгі бөлім орындалады. Сіздің қимылыңыз бұрынғыша өте нәзік, әрі баяу болуы керек. Массажды тек қолмен емес, деміңізбен, шашыңыздың ұштарын тигізіп те жасауға болады.

Қайтадан үстіне шығып отырыңыз. Массажды аяғынан бастаңыз. Аяғын сипап, аяқ саусақтарының арасына да көңіл бөліңіз (егер де ол қытықтағаннан сескенбесе). Содан кейін аяғына қайта оралыңыз. Аяғының іш жағын сипаңыз, бұл тұстағы тері өте нәзік әрі сезімтал. Ептеп кеудесін, ішін сипалай бастаңыз. Ерлердің көбісінде негізгі сезімтал жерлері кеуденің ұшы, кіндік пен іштің төменгі тұсы. Бірақ қолыңызбен жыныс мүшелеріне жақындамаңыз.

Осы массаж кезінде оның денесіндегі эрогенді сезімтал жерлерін табасыз. Егер сипап жатқан кезінде, сіздің қол қимылыңыз денесін қоздырған болса, онда «байқаусыз» қайта-қайта сол тұстарға тоқталып өтіңіз. Оның денесінің қозғалғанын байқасаңыз, оны демалдырыңыз да аяғын сипалаңыз, іс-әрекетті өзіңіз аяқтаңыз.

Сүйіңтіңізден массаж тәртібін сақтауды талап етіңіз. Массаж аяқталғанша ол сізді қолымен ұстамауы тиіс. Басында ондай шартты орындау мүмкін емес сияқты, бірақ артынан өз бағасын береді.

Егер де сіз сәтімен аяғына дейін массаж жасасаңыз, сүйіктіңіз қалған әрекетті өз қолына алады. Сонда спектакльдің немен аяқталатынын білу қиынға соқпас…

Тағы да оқыңыздар:

Арықтататын Магги диетасының мәзірі

Секс туралы жігіттер сенетін алты өтірік (+18)

Етеккір кезінде қалай сақтануға болады?

Перзентханаға түскен аналарға керек кеңестер

Сүйіктіңіз үшін қалай стриптиз билеген дұрыс?

Жыныстық қатынас кезіндегі тазалық

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1141806-zhigitterge-arnalghan-erotikalyq-mass/