Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуіңіздің құштарлығын қалай оятуға болады?

Опубликовано:

Күйеуіңіздің құштарлығын арттырып, ерекше сезімге бөленгіңіз келіп жүрме? Онда төмендегі психологтың кеңесіне құлақ түріңіз деп жазады anabol.kz.

Жатар алдында мойнынан сипап, уқалау арқылы оның ренжіген гормондарын шаттық гормонына айналдыра аласыз.

Белінен құшақтап қысыңыз, тіпті қытықтап еркелетсеңізде болады. Өйткені, бақыт гормондарын осы арқылы оятуға болады.

Күйеуіңіздің көңіл-күйін романтикалық кешкі астан кейін ерекше әуеннің ырғағымен, сұлу мүсініңізбен оны өзіңізге құштарландыра біліңіз. Қолыңыздың ұшымен қолдарынан ұстап, сипалап қытықтаңыз.

Жанына жақын ерекше атаулармен атап мақтап жіберсеңіз де болады. Мысалы: арыстаным, ханзадам, ақ патшам деген сияқты сөздермен майдалап жағымды етіп ерекше даусыңызбен айтқан жөн.

Ләззат алу үшін  жатар орын да таза болуы тиіс.

Қосылу кезінде бір позаны жиі қоданбаған жөн «Камасатураны» жиі көрсеңіздер болады, онда қосылу кезіндегі түрлі позаларды көрсетеді.

Бастысы - екеуіңіз ләззат ала білсеңіздер, сол бал шақты ынтыға сағынысып тұрсаңыздар, онда сіздерде ләззат алу құштарлығы да жақсара түседі.

Әйел адам сырт киімге көбіек көңіл бөліп, ішкі киімді де басты назарда ұстау керек. Түрлі-түсті іш көйлектерді де ұмытпаңыз, өйткені күйеуіңізге ол да әсер етеді.

Сүйісу арқылы оның ренішін басуға да болады. Бастысы оған ұнамды жағдай жасай біліңіз.

Әтір мен түнгі бояуыңыз, көйлегіңіз әдемі болып тұрғаны жөн.

Жұмыстан шаршап келген жағдайда осы жағдайды жасай біліңіз. Жыныстық қарым-қатынас шаршауды басып, не бір аурулардың алдын алады.

Құштарлықты оятып, оның сезіміне бойлай біліңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1155468-kuyeuinhizdinh-qushtarlyghyn-qalay-oyatu/

pixel