Ғалымдар: Төсек қатынасы кез-келген адамды күйзелістен шығарады
Опубликовано:
Британия ғалымдары үлкен құштарлықпен болған жыныстық қатынастың кез-келген адамды күйзелістен шығарып жіберетінін айтады. Бұл туралы nzl.1 ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.
Дәрігерлер адам миында махаббат сезімі үшін жауап беретін бір құрылымның бар екенін анықтапты. Алайда, күйзеліс кезінде оның белсенділігі айтарлықтай төмендейді.
Бірақ адам сол тұста кенет біреуге ғашық бола қалса немесе күшті жыныстық қатынасқа араласып кетсе, өмір ол үшін қайтадан ғажап болып шыға келеді.
Оқымыстылар осыған байланысты секстің тек адам ағзасының қажеттілігі ғана емес, сонымен бірге күйзелістен шығып кетудің керемет дәрісі деген қорытындыға келген.
Зерттеу авторлары сондай-ақ құмарлықтың қалай пайда болатынын да анықтап берген. Олардың айтуларынша, сол кезде мида бірге жыныстық қатынасқа түсетін ықтимал серіктесті өзіне қосуға деген ынтықтық туады. Эмоцияның күштілігінен жұрт осы кезден-ақ тәтті эйфорияға беріледі.
Мұндай құштарлық үш айдан он екі айға дейін созылып кетуі мүмкін. Медиктер бір жұптың қарым-қатынасы неге тез бітіп, енді бірінікі ұзаққа созылатынын, тіпті өмір бойына жалғасатынын әзірге ашып бере алмай отыр.
Тағы оқыңыздар:
Мәсімов Ақтөбе облысының жұртын не мазалайтынын айтты
Әбенов АҚШ-тың түрмесінен босап шыққан студентті "жарнамалағандарға" шүйлікті
Мәсiмов 10 сотық жерді қазақстандықтарға бөлуге қатысты ойын айтты
Үкiмет ендi соңғы шешiм қабылдамас бұрын халықпен ақылдасатын болады
Жараланған «Пантера» қару-жарақ дүкенінің сатушысы содырлардың қалай шабуыл жасағанын айтты
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1163909-ghalymdar-tosek-qatynasy-kez-kelgen-ad/