Әйелдер көзімен: Еркектердің жыныстық қатынаста жіберетін қателіктері

Опубликовано:

Бұған дейін, әйелдердің төсек қатынасында жіберетін кемшіліктерін, тізбектеп жазған едік. Енді міне, керісінше еркектердің жыныстық қатынасы кезіндегі олқылықтарын ортаға саламыздеп жазады anabol.kz.

Әрине, ең алдымен намысқой ер адамдарымыздың  өз сүйіктісімен жыныстық қатынас кезінде қателік жіберетініне сенбейтінін, тіпті білгісі де келмейтінін айтқанымыз дұрыс шығар?

Арнайы жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде ерлердің төсек қатынасында жіберетін қателіктері анықталды.

1. Аймаламай, бірден іске көшеді

Әйелдер үшін жыныстық қатынасты бастамас бұрын аймалаудың өте маңызды екенін еркектер естен шығарып алады. Әйелдердің түсінігінше, бұл – ерінің әйелін сүйетінінің, сыйлайтынының белгісі.

Егер жыныстық қатынастың уақытын созғысы келетін жігіт болса, осы аймалау сәтін ұзарту керек: 15-20 минут аймаласу, 15-20 минут жыныстық қатынастың өзі, 30-40 минуттық «майдан» дайын.

2. Жуынбайды 

«Аптасына бір рет жуыну жетеді» деген ереже тұрақты жұбы жоқ, жалғызбасты еркектерге жақсы. Алайда, «кездесуге» жуынбай шықса, жігіттің үстінен шыққан тердің иісі қосылудың шырқын бұзады.

Бойдақ күнінен сирек жуынуды әдет қылған еркек үйленгеннен кейін жуынуды мүлде сиретуі мүмкін. «Қойшы, ештеңе етпейді, ерініп тұрмын, бола салайықшы» деген сылтаулар пайда болады. Әйелдер еркектің иісінен жиіркеніп қалса, қатынасқа түсуге ынтасы қалмайды. Немесе әзер шыдайды.

3. Секс аяқтала салысымен кетіп қалады

Жыныстық қатынас аяқтала сала, еркектің жуынуға не темекі шегуге, басқа жаққа кетіп қалғаны әйелдерге мүлде ұнамайды. Мұндайда әйел өзін шаруасын бітірген жігітке қажетсіз, пайдаланылған сияқты сезінеді.

Сондықтан, бәрі аяқталған соң жігіт 15-20 минуттай әйелін сүйіп, құшақтап жата тұрса, әйел өзін әлемдегі ең бақытты жан санайды. Секстен кейін ұйықтап қалуға да болмайды.

4. Өзін ғана қанағаттандырады

Еркектер ләззат алса, әйелге де ұнады деп ойлайды. Жыныстық қатынаста эгоизм деген мүлде болмау керек. Әйелінің оргазм алғанын күту керек. Енді басталып келе жатқан ләззатты өз шаруасын бітіргесін тоқтата салуға болмайды.

5. Омырауын ұстай береді

Омырауын қайта-қайта ұстап, қатты қысып, тістеп, сүйе берген қыздарға ұнамайды. Еркектер әйелдердің ең эрогенді аймағы – төсі деп ойлайды. Олай емес, төсіне қол жүгірткен сайын әйелдің «жыны қоза бастайды».

6. Поза ауыстырмайды

Өзіне ыңғайлы, ұнайтын позасында жыныстық қатынасты бастап, сомен аяқтайды. Бір қатынастың өзінде бірнеше қалыпқа көшу керек. Ері фантазиясын іске қоссын, болмаса, әйелін тыңдасын!

7. «Бітірдің ба» деп сұрайды

Әйел енді оргазм алғалы жатқан сәтте тоқтап қалып, «Бітірдің ба» деп сұрайды. Бұл сәтте әйелдің көңілі бөлініп, «келе жатқан нәрседен» айрылып қалады.

Еркек әйелдің оргазм алған-алмағанын сұрап білмей, сезінуі керек. Қалағаны болмаған әйел осыдан-ақ шу шығаруы немесе келесі жолы жыныстық қатынасқа түсуді қаламауы әбден мүмкін.

9. Құлаққа сілекейін жағып, үрлейді

Аймалау, әрине жақсы. Құлақты ақырын сүйіп, тістеген де қоздырады әйелдерді, өйткені, ол – эрогенді аймақ. Алайда, ол әрекетті қайта-қайта қайталап, құлақтың бәрін сілекейлеп тастау әйелдерге ұнамайды. Нәзік істеу керек.

10. Секспен айналысып жатып, сұрақ қояды, сөйлей береді

Әйелдерге жыныстық қатынас кезінде әңгіме айту емес, ләззат алған ұнайды. Олар «Ұнады ма?» деген сұраққа өте жиі және мәжбүрмен жауап бергенді жек көреді.

11. Жыныстық қатынастан кейін жуынбайды

Шәуетін іш киімімен не шүберекпен сүрте салады да, төсекке секіреді. Қайтадан құшақтап, иіскеп жатқысы келген әйелдің көңілі түсіп кетеді.

Тағы оқыңыздар:

Ауыр атлетика федерациясы Ильинге қатысты ақпаратқа орай ресми мәлімдеме жасады

Нұрлан Нығматуллин мәжіліс депутаты атанды

Кәрім Мәсімов допинг дауын тездетіп шешуді тапсырды

Илья Ильин 2008 жылы да допинг қолданған болып шықты

Қытай азаматтарының Қазақстанға келуі жеңілдетілетін болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1167253-ayelder-kozimen-erkekterdinh-zhynysty/