Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1 шілдеге арналған жұлдыз-жорамал

Опубликовано:

Anabol.kz сайты 1 шілдеге арналған жұлдыз-жорамалды назарларыңызға ұсынады.

Тоқты

Бүгіннен бастап өз өміріңізге өзгерістер енгізе бастаңыз, бірақ бір-бірлеп бастаңыз. Алға қарай бір-екі қадам басып, бұл өзгерістер қанжай нәтиже бергенін бақылаңыз. Мүмкін сізге жаңа өзгерістер ұнап қалар

Торпақ

Бүгін өзіңізге сенімді екеніңізді сезінесіз. Шығармашылық жолында жүргендер өздерін көрсетуге жақсы мүмкіндік алады. Алдыңыздан келген әр қиындыққа бүгін керемет соққы беріп жеңіп шығасыз. Ешқашан өзіңізден кіші адамның сөзіне ермеңіз.

Егіздер

Бүгін кей адамдардың өзімшіл мінезіне қарсы келіп, өзіңізді сабырға шақыруға тура келеді. Бәрі бүгін сіз қалағандай болмаса да, кеш жақсы жаңалықтарымен толы болмақ.

Шаян

Бүгін өзіңізді сондай бір жеңіл сезініп, көңіл -күйіңіз керемет болмақ. Соның арқасында көптеген шаруаларыңызды оңай бітіріп аласыз. Үй жұмысына да назар салып қойыңыз. Жаңа таныстық сізге жеңіс әкелуі мүмкін.

Бикеш

Бүгін сізге күн сәттілік әкелгелі тұр. Өзіңізді жаңа бір қырыннан көрсетіп, көпшілік көзайымына айналасыз. Көптеген жақсы естеліктермен қалатын жақсы күн болмақ.

Арыстан

Бүгінгі күніңіз ауыр басталғалы тұр. Сіздің шыдамдылығыңызды сынайтын күн. Өзіңізді көпшілік ортадан алыс ұстап,жеке қалып, өз -өзіңізге есеп беріңіз. Өзіңізді салқынқанды етіп көрсетуіңізге тура келеді.

Таразы

Бүгінгі күні сіз олжалы болып қалуыңыз мүмкін. Жұмыста кездескен әр сауалға дұрыс жауап беріп, оң нәтижеге ие боласыз. Мүмкіндік болса алдағы күнге жоспар құрып,демалыс алуды ойлаңыз. Достар санын көбейтіңіз.

Сарышаян

Бүгін өз сезіміңізді тежеп, жұмысқа бар ынтаңызбен кірісіңіз. Абай болыңыз, аяғыңыздан шалушылар көп. Өсек-аянға мән бермеңіз.

Мерген

Бүгін өзіңізді бостандықта сезініп,еркін жүресіз. Өзіңіздің ұйымдастырушылық қасиетіңізді пайдаланып, өз ортасыңызда лидер боласыз. Бүгінгі күнде келіссөз жүргізсеңіз,бәрі сіз ойлағандай болмақ. Көше аралауға жақсы күн болмақ.

Тауешкі

Бүгін ұрыс-керістен аулақ болғаңыз жөн. Себебі, сәттілік жұлдызы бүгін сіздің жағыңызда емес. Өзіңізден мінезімен мықтырақ адамдармен танысқаныңыз абзал. Ақша шығындалу мүмкін, әр сатып алынған затты есептеп жүріңіз. Әр нәрсені көңіліңізге жақын алуды қойыңыз.

Суқұйғыш

Бүгін күн жеке өміріңізге бір өзгерістер әкелмек. Тағдырға қарсы тұрмаңыз, бұны қабылдауға тура келеді. Тағдырыңыз сізге не жақсы, не жаман екенін өзіңізден артық біледі. Артынан бұл өзгеріске де рахмет айтасыз.

Балықтар

Бүгін сіз супермэн ролін сомдайсыз, яғни көптеген адамға көмек көрсетесіз. Сіздің көріктілігіңіз көп адамның назарын аудармақ. Соның арқасында шешілмей жүрген сұрақтарыңызды оңай шешіп аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1177072-1-shildege-arnalghan-zhuldyz-zhoramal/

pixel