Жас-жұбайлардың төсек қатынасында жіберетін қателіктері (+18)

Опубликовано:

Жыныс тәрбиесімен етене таныс, осы саланы біршама жылдан бері зерттеп келе жатқан мамандардың айтуынша, жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайлар бір-бірімен жақындасқанда ұялуы, қымсынуы өздері қалағандай ләззат әкелмейді деп жазады neke.kz.

Жас отау иесі өзінің жарының нені қалайтынын, нені ұнататынын және сүйгенінің денесіндегі ләззат беретін, құмарлығын оятатын жерлерін алдын-ала біліп алғаны жөн. Оны сұрау арқылы емес, оңаша қалған сәттерде аймалап сүю арқылы білуі тиіс. Денесін ауыртпай, ақырын сипалауы қажет. Ең сезімтал жерлерінен сипалауы керек, екі анары, бөксе тұсын.

Төсек қатынасында өте сезімтал болу керек. Сипалап жатқанда ері әйелінің қай әрекетінен рахат сезінетін қылығы мен қимылы арқылы сезіп біле алады. Бір-бірінің нені қалайтындарын сезу екі жаққа да ортақ.

Сүйіп қосылған сүйікті жарының жыныс құмарлығын ояту, қоздыру, төсек қатынасына даярлау үшін бір-бірін сыйлап, жылы сөйлеп, сүйісеншіліктерін көрсету маңызды рөл атқарады.

Еріне әйелінің наздана еркелей жасаған қылығы мен жұпар иісі қоздыру үшін жеткілікті, ал әйел затын қоздыру үшін жоғарыда айтып өткендей еріне біраз еңбектену керек. Аймалап сипалау арқылы, жылы сөздерін айта отырып қана әйелін қоздыра алады. Өзінің ғана қамын ойламай, әйелінде төсек ләзатына бөлеймін деген отағасы міндетті түрде сүйгенің төсек қатынасына даярлауы қажет.

Жігіттер тәжірбиесіздіктерін бірден өзінің жыныс мүшесі тұрғандықтан бас салып әйелге кіргізуге тырысуы арқылы көрсетіп қояды. Олар үшін ең маңызды нәрсе өздерінің жыныс мүшелерінің тұруы деп ойлайды. Бұл әрекет дұрыс емес, сіз әйелді оятып, оны құмарынан шығармасаңыз әйел сізбен екінші рет болғысы келмей қалады.

Ол құмарынан шықпағаннан соң да басқа ер адам іздеп, сізді алмастыратын адам іздей бастайды. Осы жағдайды болдырмау үшін, оны оятып құмарын қандыра біліңіз. Әйел адам құлағымен сүйеді, сол үшін әр сәт сайын сүйетініңіз бен әдемілігін айтып отырыңыз. Денесін сипалап денесіндегі ерекше сезімді оята білсеңіз, ол сіздің бар қалауыңызды жасайды.

Әйел адамдардың көбі де ер адам жыныс мүшесі тұрып, ары қарай бар әрекетті жігіт істеуі керек деп ойлап отырады. Бұл да әйелдер тарапынан дұрыс емес. Себебі бізде қыздардың көбі төсек қатынасындағы сауаттылық олардың «бұзылғандығын» көрсетеді деп ойлайды.

Сондықтан білсе де үндемей жатуға тырысады, өзінің қалауы болмағанынан еркектің де, әйелдің де көңілі суии бастайды. Олар шеттен қызық іздеп, басқаларға көңілін аудара бастайды.

Сондықтан екі жаққа да ашып сөйлесіп үйрену керек, себебі төсек қатынасы ол бір ғана адамның ісі емес. Ол екі адамға да тән қуат, құмарлық. Секс және оның позалары жайлы жұбайыңызбен бірге талқылап, арнайы фильмдер мен оқулықтарды бірге қарауға тырысыңыздар. Көрген, оқыған нәрселеріңізді өзара талқылаңыздар, жасап көріңіздер.

Қай позада өздеріңізге не ұнағанын ашып айтуға тырысыңыздар. Сол арқылы тәжірибе жинауға болады, өздеріңізден кеткен қателерді түсініп «мына жерде мынаны дұрыс жасамадық» деп ашып айтуға тырысыңыз. Көп қоладанатын позаларыңыз қандай ойланып көріңізші? Миссионерлік пе? Басқа позаларды неге байқап көрмеске?

Тағы да оқыңыздар: 

Ресей зымыран қалдықтарын тастау үшін Ақтөбенің 22 мың гектар жерін жалға алған

Халықты сенбілікке шақырып алған Ақтөбе әкімі өзі түк істемей, қарап тұрды

Cелден кейін домбырасын құшақтап қалған қазақ баласы жұрттың жүрегін тебірентті (фото)

Атырауда "Toyota" 10 тонналық жүк көлігін аударып тастады (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1190567-zhas-zhubaylardynh-tosek-qatynasynda-zhi/