Қыздарда қанша сөмке болғаны дұрыс?

Опубликовано:

Қазір сөмкенің түрі көп, алайда көп жағдайда гардеробыңызға сай келетін үлгісін табу қиынға соғады. Сөмке — басты аксессуарлардың бірі. Ендеше, әйел адамда қандай сөмкелер болғаны жөн екеніне massaget.kz сайты жауап берді.

Үлкен шаруашылық және шағын кешкілік сөмкелер, жазғы көңіл күйге сәйкес дорбалар мен қатаң іскерлік портфельдер — барлық ерекше үлгілі және түрлі түсті сөмкелер сатып алушыларын табады. Дизайнерлер өз бұйымдарына матасын, сабаны мен майда моншағын, ашық кестесі мен страздарын ойластырады.

Сөмкені қалай дұрыс таңдаймыз? Біріншіден, ол жағдайға сәйкес келуі қажет. Сөмкелер негізінде қажетті заттарды тасымалдауға арналған. Алайда бұл қызметінен басқа, сөмке әйелдер гардеробының маңызды қосымшасы болып табылады. Сондықтан сөмке таңдарда міндетті түрде оның пішінін, өлшемін, материалын, түсін және дизайнын ескеру керек.

Жұмыс, серуендеу, саяхаттау, театрға немесе мейрамханаға бару — бұл шаралардың әрбіреуі арнайы сөмкені қажет етеді. Мысалы, ашық алқызыл страздары бар сөмкені іскерлік кездесуге ұстап бару орынсыз.

Сөмке аларда күндізгі немесе кешкі үлгінің қайсысы керек екенін ойланыңыз. Жұмысқа арналған сөмке алсаңыз, оның классикалық, сыйымды және ыңғайлы болуын қадағалаңыз, түсі бейтарап болуы керек. Мысалы, қара немесе сұр. Жаз мезгілінде ақ немесе ашық сарғылт түсті сөмке болғаны жақсы.

Кешкі сөмкені аларда қарапайым ережені ұмытпаңыз: кешке арналған көйлегіңіз қаншалықты күрделі әрі ерекше болса, сөмкеңіз соншалықты қарапайым болуы тиіс. Егер кешке арналған көйлегіңіз қарапайым болса, онда сөмкенің жылтыр, ерекше түрлері бола береді. Кешкілік сөмке қымбат көрінуі керек.

Неше сөмке болғаны дұрыс?

Бойжеткендерде кем дегенде үш сөмке болғаны жөн: іскерлік кездесулерге және жұмысқа арналған портфель немесе орташа өлшемдегі классикалық сөмке; кешкі қонақтарға арналған клатч; демалыс күндерге және саяхаттауға арналған дорба (саквояж).

Мүмкіндік болса, серуендеуге арналған ыңғайлы рюкзак, ашық түсті матадан немесе күдеріден тігілген бірнеше сөмке болғаны жақсы. Дүкенге баруға арналған арнайы сөмке де қажет болады. Ол көлемді, сыйымды және ыңғайлы болуы керек. Мұндай мақсаттағы сөмкенің жеңіл әрі берік матадан тігілген, бауы сенімді түрін таңдаған жөн.

Әмбебап сөмке бола ма?

Өмірдің барлық жағдайына арналған мінсіз сөмке жоқ, алайда гардеробыңыздың базалық элементтеріне сәйкес келетін түрін табуға болады. Бұл тек бір жағдайда ғана мүмкін — бейтарап түсті және классикалық пішінді сөмке.

Тағы оқыңыздар:

Сарапшылар Астана мен Алматыда пәтерге неше жыл ақша жинау керектігін есептеп шықты

Ақтөбеде экс-депутат Өндіргенов 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Шымкенттік әйел із-түссіз жоғалған егіз ұлдарын шарқ ұрып іздеп жүр (фото)

Түрік дипломаттары қазақ-түрік лицейінен балаларын жаппай алып кетуде

Әлемдік рейтингте қазақтың ұлттық киімі үздік бестікке енді (фото)

Полицейлер ОҚО-ның Мақтарал ауданындағы қақтығыс жайлы айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1207876-qyzdarda-qansha-somke-bolghany-durys/