Жыныстық қатынастан ләззат алмаудың басты себептері (+18)

Опубликовано:

Бүгінде төсектегі салқындық, тоят алу қиындығы, ерлер арасындағы белсіздік белең алған. Не себеп? Неге секс ләззат сыйламайды, болмаса көңілден шықпайды? Бұл сұрақтарға blogtime.kz сайты жауап беруге тырысты.

1. «Тоят алудағы жарыс»

Ерте замандағы еркектер әйелдің төсектегі ахуалы туралы ешқашан ойланбаған. Яғни, ол кезде нағыз әйел өз құмарлығын тыйып, тек еріне ләззат сыйлай алуды жоғары көрсеткішке баланған. Сондықтан әйелдің ләззат алуына еркек бас қатырмаған.

Өзіне керек кезде ғана жұбайына емеурін білдірген. Әйелі үнемі не жүкті, не емшекте баласы болған. Ол кезде әйел мен еркектің әлемдері Марс пен Шолпаннан да алыс еді.

Қазіргі өркениетке қол созған заманда ер адам әйеліне тоят сыйламаса, өзін кеміс сезінеді. Ал әйелі оның тоят табуына тапжылмастан «жұмыс» істейді (кейде тіпті тырнақшасыз). Нәтижесінде себеп үдеріс барысында мақсатқа ауысып кетеді: бір-бірін сүюге тиісті адамдар төсекте жүз метрлікті жүгіргендей кейіпте болады.

Есесіне екеуі де қатты шаршайды. Олар тоят туралы ойлауды да ұмытады. Секс – құдды бір конвейер немесе кен қазу жұмысы іспетті болып шығады.

2. «Бұл лас емес!»

«Психологиялық піштіру» термині әлі де жас балама, әйтседе бұл құбылыс көне заманнан бері келе жатқаны анық. Психологиялық піштіруге еркекті де, әйелді де ұшыратуға болады. Мұнда мәселе мынада: көбіне ата-аналар «әлгі бір жағымсыз» тақырып қозғалған кезде оны тым анайы, тұрпайы нәрседей сипаттайды.

Нәтижесінде жылдар өткен соң балалары жеке өмірін бастағысы келгенде секс лас деген ұғымнан құтыла алмай, әуреленеді. Бұрын бұл тек әйелдердің ғана дерті болса, қазіргі таңда ерлер де осындай ойдан арыла алмай қиналады. Сондықтан адамдар белсіздікке ұрынғандықтан емес, тек дұрыс тәрбие бере алмаған ата-анасының бұрыс «бағдарлама» енгізуінен секске деген жиіркенішті пейілін түзей алмай, аза бойы қаза болады.

3. «Жарнама құрбаны»

Қазір тіпті йогурт жарнамасына да жартылай жалаңаш тәнімен шыға беретін болды. Сағаттап фитнес клуб пен сұлулық салонынан шықпайтын қуыршақ сұлулар өмірде бәлкім жоқта шығар. Тек кәсіби бейне түсірілім мен фотошоптың арқасында жұлдызды жарнама миллиондар санасын улайды.

Олар көгілдір экранда да, журнал беттерінде де сүйісіп, жарнамадан түспейді. Мұны көрген кез-келген адам махаббат пен сексті қалаған адам осындай болуы керек деп шолақ ойлап, өзі де осылай істеп, серігінен де соны талап ете бастайды.

4. «Танысудың себебі емес»

«Секс — керемет жаттығу!», «Секс сізге жастығыңызды сақтап қалуға көмектеседі!», «Секс ләззат гормондарын түзуге септеседі!», «Ішің пысты ма? — Көңілдес тап!», және т.б. Таныс сөздер ме? Ерлерге де, әйелдерге де арналған журналдардың көпшілігінен осы сөздерді көруге болады.

Бұл пайымдауларға сенсек, секс медицинаның ба, әлде фитнес пен спа-салондардың бір процедурасы сияқты. Арықтау үшін төсектес болған серіктес көңілді қаншалықты жай етеді? Ол тіпті серіктес те емес, жәй ғана тренажер болып шығады емес пе?!

5. «Сапаны сан басса»

Сексуалды революцияның шырқау шыңы төсектегі серіктестің «тым аз» бен «әсіре көп» болмайтындығын көрсетті. Адам таңдау жасайды. Кейде көп таңдау жасайды. Бір-екі рет жатақханада ішіп алды байқамай. Көкке шыққанда жұмыстасымен еркін сөйлесіп, ол құшағына құлай кетті. Сүйкімді мұғалимадан дұрыс сынақ қоюын талап еткісі келді. Солай…

Содан серіктеске деген ынта әлсірейді. «Тағы да бірі» болып шыға береді. Егер ол бірдеңені дұрыс айтпаса, әрекеті көңілден шықпаса, басқасын тауып алуға болады. Тіпті екеуге ауыстырып жіберу оңай. Уақыт өте келе бәрі де бірдей, бірдей болғандығы сонша ешбірі қоздырмайтын болады.

6. «Фетиш»

Егер шүлки киген әйел тек жезөкшелер үйінің сәні деп бағаланса, бүгінде бұл көрініс жаппай сипат алып жатыр. Қазіргі таңда «секс шоп» әр бұрышта тұр. Кейде осы тенденцияға қарап қосымша ойыншықсыз секс ережеден гөрі өзгешелікке айналатын секілді.

Мұндай фетиш серіктестің орнын басуы да кәдік емес. Егер серіктесіңіз үнемі қоянның киімін киюді талап етсе, оған оның ішіндегісі аса қызықты да емес қой. Қоянмен жатқанды ұнататын болғаны да…

7. «Мықты бол!»

Секстің түбіне жететін тағы бір нәрсе ол – жетістікке жету. Қазіргінің адамы жынтанушыларға ұқсайды. Өз өмірін сексуалды суккубты шақыруға жұмсайды. Ал, оны қолға түсіргенде онымен не істерін білмейді. Сол сияқты жасөспірімдердің керемет көлікке ақша жинауы, қыздардың үнемі фитнес клубта уақыт өлтіруі де осыған ұқсайды.

Бастауын бастап алып, ақыр соңында не үшін бастағанын есінен шығарып алады. Олардың сексуалды серіктесі – жұмыс, әдемі анар, академик атану сияқты армандарға айналады. Тек адам емес.

Қорытындысы қарапайым әрі белгілі: тән ләззатын алу үшін төсекте қандай екенін, бір-біріне неше рет тоят таптырғанын, ішінде пресс бар ма, әмиянда қанша ақша барын есептей беру артық. Бастысы сіздің серіктесіңізге ықыласыңыз ауды ма? Оны қалап тұрсаңыз да жеткілікті. Басқа ештеңені ойламастан тек оны қаласаңыз болғаны. Ең қиыны да осы болмақ.

Тағы да оқыңыздар: 

Ауылға әкесінің атын беріп, мешіт салдырған Зауытбек Тұрысбеков туралы не білеміз? (фото)

Қазақ боксшыларының Олимпиададағы алғашқы қарсыластары анықталды

Елімізде жетінші тамыздан бастап дизель отыны қымбаттауы мүмкін

Олимпиадаға қатысатын ең бай спортшылар кімдер?

Сириялық босқын қыз Германияда сұлулық ханшайымы атанды (фото)

Аиша күйеуі Бүркіт сыйлаған гаухар жүзігін көрсетіп мақтанды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1211468-zhynystyq-qatynastan-lazzat-almaudynh/