Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

28 тамызға арналған жұлдыз-жорамал

Опубликовано:

28 тамызға арналған жұлдыз-жорамалды anabol.kz порталы назарларыңызға ұсынады.

Тоқты

Бұрын сонды тіл табыса алмаған адамдармен байланыс ұстауға тиімді уақыт болмақ. Ішкі түйсігіңіз басқалардың сізге деген көз қарасын сезсе де, ештеңеге қарамастан алға ұмтылуға тырысыңыз. Онымен дос болып кетулеріңіз де ықтимал.

Торпақ

Осы күн көп Торпақтарға қызықты және тиімді бастамаларға толы болмақ. Айналасындағы адамдарды дара талантымен таң қалдырып, қошеметке ие болуы ықтимал. Бүгін сіз ортаның назарын өзіңізге аударасыз.

Егіздер

Сіз қоғаммен тығыз байланыс орнатып, қарым-қатынастарыңыздың нығаюынан рахат аласыз. Соның арқасында өмірге деген құштарлығыңыз артып, жаңа тың ойлардың пайда болуы ықтимал. Ірі жиын отырыстарына да қатысуыңыз мүмкін.

Шаян

Жолыңызда кездескен қиындықтарды жеңуге бейімделгеніңіз жөн. Себебі ол болашақта алдыңыздан шығуы мүмкін.

Арыстан

Күннің орта шенінде достарыңызбен кездесіп, қарым-қатынастарыңызды одан əрі нығайтуға тиімді уақыт болмақ. Сүйіктіңізбен болмашы нəрсе керісе беруіңізді қойыңыз. "Үндемеген-үйдей пəледен құтылады "деген сөзді ұмытпаңыз.

Бикеш

Бірігіп жұмыс істеу арқылы толағай жеңістерге жетуіңіз ықтимал. Ақшаға ие болып, қомақты қаржыға ие болуыңыз мүмкін. Кешкі жиынға дайындалыңыз. Әр жиынға лайықты етіп киінгеніңіз жөн.

Таразы

Өмірлік тәжірибеңізге сүйене отырып алда тұрған қиындықтарды жеңуге мүмкіндік аласыз. Алайда оған қол жеткізу сондай онай болмауы ықтимал. Ұсақ түйекке бола айналаңыздағы адамдармен сөзге келіп қалудан сақ болыңыз. Жеке өміріңізді жақсартам десеңіз жақындарыңызбен жақсы болуға тырысыңыз.

Сарышаян

Болып жатқан оқиғаға дұрыс баға беріп, әрекет жасауға тырысыңыз. Бұл сізге көптеген қиындықтардан құтылуға мүмкіндік береді. Ойланбай әрекет жасаудан абай болыңыз. Көп еркелікке, жалқаулыққа бой алдырмағаныңыз жөн.

Мерген

Өз ісіңізге барынша жауапкершілікпен қарағаныңыздын арқасында көптеген келеңсіздіктерден оңай шыға аласыз. Алайда кей жағдайларда ол көмектесе бермейді. Өзіңізге көп сын көзбен қарамағаныңыз жөн. Себебі өзіңізді жек көріп кетуіңіз де ықтимал.

Тауешкі

Бүгін жұлдызыңыз жанып кез-келген қиындықтан оңай құтылып кетесіз. Шешімін таппаған жұмыстарыңызды тез арада шешуге барынша күш салыңыз. Жаңа адамдармен танысып, тамыры кеңге жайылатын табыс көзін табуыңыз ықтимал.

Суқұйғыш

Өміріңізге елеулі өзгерістер болып, жақсы жаққа бағыт алуы мүмкін мүмкін. Сіз қолға алған кез-келген іс сәтті болып, олжалы болуыңыз ықтимал. Тіптен қарсыластарыңызды шаң қаптырып, жоспарламаған бастамаларды да қолға алғаныңыз жөн. Қаржылық жағдайыңыз жақсы болғанымен, бет алды жұмсаудан сақ болыңыз

Балықтар

Бұл күн қызықты таныстар мен жаңа романтикалық кездесулерге толы болмақ. Жеке өміріңіз бен қызметіңізде елеулі өзгерістер болуы мүмкін. Ұзақ уақыт бойы күткен хабарыңызды алып, қуануыңыз мүмкін.

Тағы оқыңыздар:

Елімізде саны ең көп ру анықталды

Елбасының алдында ән айтқан Ділназ Ахмадиеваның киген көйлегі елді шулатты (фото)

Мұхтар Тайжан: Қазақ тілін білмейтіндер биліктен кетсін!

Шымкентте күйеуі бес баласымен тастап кеткен әйелдің өмірі бір-ақ күнде өзгерді

Шымкент тұрғыны құдасының мойнына шыққан ісікті көлбақамен қайтарды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1234092-28-arnalghan-tamyzgha-zhuldyz-zhoramal/

pixel