Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеулері тоқал алып кетпеу үшін қазақ келіншектері не істеу керек?

Опубликовано:

Instagram әлемінде «Құралай ханым» есімімен белгілі блогердің тұшымды жазбалары қазақ тілді қолданушылар арасында соңғы кезде үлкен сұранысқа ие. Көптеген қыз-келіншектердің көкейдегі сұрақтарын жауапсыз қалдырмайтын блогер NUR.KZ порталына сұхбат берді.

Алты баланың анасы бүгінде әйел затына қатысты өмірден көрген-түйгендерін желіге салуды әдетке айналдырған. Үйдегі отағасы ішкілікке салынбай, өзіне тоқал тауып, отбасын тастап кетпесі үшін, жалпы, жанұяны ұстап тұру үшін әйелдің қолынан не келеді?

Осы сұрақтың жауабын NUR.KZ тілшісі Құралай Ошақбаевадан сұрап көрді.

Неге Құралай өзін «ханым» деп атайды?

Өзін желіде "ханым" аталуының себебін түсіндірген Құралай: «Ханымның айтқаны екі етілмейді, барлық тілегі орындалады, сондықтан мен күйеуімді хан көрем де, оның алдында өзімді ханымдай сезінемін», - дейді.

Қарапайым тілмен әйел тағдырына қатысты әңгіме қозғайтын блогер желідегі жазбаларын ауылдағы әйелдерге арнайды екен.

«Мен шалғайдағы нәзік жанды қыз-келіншектерге арнап жазамын, қаланың әйелдері отбасында қалай жүріп-тұруды менсіз де тауып алады ғаламтордан, оларға Құралай ханымның ешқандай ақылының керегі жоқ», - дейді блогер ағынан жарылып.

Біреуінің күйеуі ішеді, енді бірі нашақор, басқа әйел тауып алғандары да бар. Күйеуінен таяқ жеп жүрген келіншектер қаншама? Не дұрыс емес? Қай жерде қателік кетті және ол кімнің қатесі?

Құралай ханым қазақстандық қыз-келіншектердің басты қателіктерін атап берді

Құралай ханымның айтуынша, бірінші қателік - күйеуге шыққан соң қыз-келіншектер босаңсып кетеді. Қыз кезінде өзіне көңіл бөліп, оқиды-тоқиды, дамуға ұмтылады. Ал содан соң, өзін ұмытады, тастап жібереді тұңғиыққа. Сымбатына, көркіне көңіл бөлмейді. Оқуын бітіріп тұрмысқа шыққан жас қыз сол деңгейде қалып қояды.

Ал ері жұмыс істейді, көпшіліктің ортасында жүреді, көрген-білгені көбейеді, өседі. Сөйтіп жұбайлардың ортасында ортақ әңгіме азайып, үлкен алшақтық пайда болады. Сондықтан, әйел адам үйде отырып-ақ, ағылшын тілін үйренсін, семинарларға қатыссын, тіпті жаңа хобби тапсын. Артық салмақ болса, онымен күрессін. Әйтеуір, ерінбесін.

Екінші қателік, қазақстандық келіншектер күйеуімен бақытты өмір сүру үшін еңбектенбейді. «Күйеуге тиіп алып, «болды ол - өле-өлгенше менікі» деген түсінікпен жүре береді. Ол дұрыс емес. Керісінше, бәсекеге қабілетті жар болу үшін жанып тұру керек-ті.  Ер адамдар өздеріне әйелінің көңіл бөлгенін қалайды. Сондықтан ханымдар үйдегі еріне еркелеп, оның әрбір тындырған ісіне риза болып, болмашы жетістігіне де шын қуана білуі керек. Ер адаммен санаспай, керісінше, оның пікірін сыйлап үйренуі керек», - дейді Құралай Ошақбаева.

Құралай ханымға хат жазатын кімдер?

Құралай ханымға хат жазушы әйелдердің дені  - күйеуі тастап кеткен, ажырасқан әйелдер екен. Екінші орында енесімен сыйыспай жүрген келіншектер жайғасыпты. Олардың әрқайсысына блогер шамасына қарай жауап беруге тырысқан.

«Енесімен тіл табыса алмай жүрген келіншектерге енеңмен жақындасу үшін ол кісінің алдында иіле сал, керек болса аяғының тырнағын алып бер деймін. Алла ерте ме кеш пе иілмеймін деген кісінің алдында идіріп қояды басымызды. Бәлкім енең төсек тартып жатып қалғанда астын тазаларсың, сондықтан осы жас күніңде жай тырнағын алып беріп, иіле салған дұрыс. Адамның ең әлсіз тұсы табаны, табанда денедегi бар жүйке талшықтарының нүктелерi шоғырланған. Адамның аяғы жалаңаштанғанда, оның жаны мен тәнi де жалаңаш сияқты сезiмде болады. Соны қарым-қатынасты жақсарту үшін пайдалана білу керек», - дейді Құралай Ошақбаева.

Күйеуі тоқал алып отбасын тастап кеткен келіншектер Құралай ханымның желідегі парақшасына жиі мұңдарын шағатын көрінеді. Блогер барлық бәле жаман ойдан деп отыр.

Күйеу қай кезде әйелі мен бала-шағасын тастап кетеді?

Құралай Ошақбаева еркекте «отбасымды тастаймын» деген ой болмайтынын айтады. Жаман ой бірінші әйелдің басына келеді, ал еркек оны іспен дәлелдейді екен.

«Осы жiгiт менiң теңім емес. Бекер шықтым осыған күйеуге. Неге құдай маған осындай (бишара, оңбаған) күйеу берген?" - деп ойлап, санаңда баяғыда жүрген жігітті онымен салыстырып жүрсең, сол күнi күйеуің басқа бiреуге кетуге дайындалады. Сен ойша қыдырсаң, ол iспен дәлелдеп береді. Ол қыдырам деп басында ойламайды», - деп сендірді блогер.

Бүгінде Құралай ханым алты баланы дүниеге әкеліп, жарымен тату-тәтті өмір сүріп отырған үлгілі ана, асыл жар.

Тағы да оқыңыздар:

Еліміздегі министрлер миллион теңге жалақы алатын болып шықты

Қасымов көшеде дәрет сындырған полицей үшін қатты ұялды

Танымал қазақ боксшы қалай қатардағы таксишіге айналды? (фото)

Семейде медакадемияның студенті сабақтан шыққан соң ұшты-күйлі жоғалып кетті (фото)

Головкиннің жанкүйері еліміздің туын көлігіне жауып алып, Нью-Йорк көшелерін кезді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1273741-qazaq-kelinshekteri-kuyeuimen-baqytt/

pixel