Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

40-тағы күйеуі басқа жанға кетіп қалған әйел не істерін білмей, зар жылауда

Опубликовано:

40-та күйеуі тастап кеткен әйел белгілі блогер, Құралай ханымнан ақыл сұрады деп жазады ikerim.kz порталы.

"Құралай ханым, маған сіздің ақылыңыз өте қажет. Қажып, шаршап біттім. Менің мұңым сол күйеуім. Жасымыз 40-тан асып кеткенде, күйеуім мінезін енді көрсетіп жүр. Өзім ауылда өскен қызбын. Ауылдың жігіті алып қашып, соның үйінде амалсыз қалдым. Өзім мейірбикемін, ал күйеуім оқымаған. Екеуміздің 2 қыз 1 ұлымыз бар. Сол күйеуім Астанаға жұмыс істеуге кеткен екі жыл бұрын. Сосын сол жақтан басқа əйел тауып келді. Сонымен мені тастап, сол әйелмен бірге тұруға кеткен. Кейін 1 жыл өткесін жалынып, жалпайып қайта келді. Қыздарым өсіп қалған, оның біреуі тұрмыста. Сосын амалсыз көніп, бірге тұрып жаттық. Енді күйеуім жақында қайта жұмыс іздеп Астанаға кеткен. Байқасам ана əйелмен қайта бірге екен. Мен қайтсем екен, жылап, зарлап біттім. Енді кешіргім келмейді өзіне деген құрметім де қалмапты. Сіз маған бір ақыл айтып, кеңес берсеңіз риза болар едім. Астанаға барып өзім алып келсем бе? Бірақ басқаны ойлап тұрған оны қайтемін", - деген әйелге Құралай ханым өз жауабын берді.

"Құдайға емес, күйеуге табынып кеткенде осындай жағдай болады. Күйеусіз күнім қараң деген сайын, ол жарығың шалқақтай береді. Құдайға сыйын, Жаратушының жарылқауын сұра. Осындай сынақтар арқылы құдай адамға мен артықпын ба, жоқ əлде жан-жағыңдағы дүниең, адамдар айтатын сөз артық, күйбең тіршілігің артық па дейтін сияқты.

Күйеуге жалынба, құдайға жалын! Ия Жаратушы, Жарылқаушы Ием неге менің басыма мұндай жағдай бердің, нені түсін дедің?! Не айтқың келеді маған?! Неге осынша жасқа келіп қиналып жүрмін?! Мына адамды не үшін кездестірдің мені өміріме?!

Содан кейін өзіңе сұрақ қой. Мен кіммін? Не істеп жүрмін? Неліктен күйеуім мені тастап кетіп қалды? Неге мен? Басқалар əп-əсем бақытты отбасы болып тұрып жатқанда, менің ошағым неге опырылды? Нені түсінуім керек?

Жауап келеді… Келмесе, жақсылап тілемегенің, бар жан-дүниеңмен сұрамағаның. Құдайға сенің бақытты болғаның ғана керек, басқа ештеңе… Ал егер де бақытты бола алмай жүрсең, демек құдаймен қатынасты үзіп алғансың. Жақсылап сұрасаң, жаратушының разылығына лайық болсаң, бір күн емес, бір сағаттың ішінде күйеуіңді қасыңа əкеліп, құрдай жорғалатып қояды.

Қалай лайық болам дерсің?

Мектепте мұғалім тəртіпті, ережені бұзбайтын, жақсы оқитын оқушыны жақсы көреді ғой. Тура солай. Жақсы «оқуың» керек. Хадистерді, кітаптарды, өмір ережелерін жатқа білуің керек! Шариғатта да, хадистерде де, түрлі кітаптарда да адами қасиетті жəне рухани баюды көтеретін көп əңгіме айтылады.

Адамның бақытсыздығы - білімсіздігінен, қараңғылығынан.

Мен бұл сөздерді сізді ренжіту үшін айтып тұрған жоқпын. Өз өмірімдегі болатын проблемаларға да мен солай қараймын. Қай жерімнен қате кетті?! Не бүлдірдім?! Қай білместігім үшін таяқ жеп жатырмын, сана бер Алла! Түсіндір түсінбеген жерлерімді! Кешір біліп білмей жасаған күнəларымды деген ойлар санамда жарқырап тұрады.

Сұрақ иесіне айтарым, күйеуге жалынудың қажеті жоқ, құдайға жалынып, өз өміріңізге басқаның көзімен қарауды үйреніңіз!", - деп ақыл берді блогер.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстан футболшылары жартылай финалдағы жеңісін қалай тойлады?

Өзбек теннисшісі әйгілі Новак Джоковичті ұтып, сенсация жасады

Зейнетақысынан жырып берген ақшаға қанағаттанбаған жігіт туған әжесін тонап кетті

Ақтөбеде кезекті рет Samsung телефоны жарылып кетті (видео)

Балғынбек Имашев қазақ қыздарын қытайға тұрмысқа шықпай, тоқал болуға шақырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1380917-40-taghy-kuyeui-basqa-zhangha-ketip-qalghan/

pixel