Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серігіңіз төсек қатынасынан бас тартса не істеу керек?

Опубликовано:

Бірге ғұмыр кешіп жүрген екі адамның бірінің төсекке деген ниетінің болмауы жиі кездеседі екен. Мәселен сіздің қалауыңызбен оның ниеті сәйкес келмей немесе «бүгін шаршап тұрмын» деген сөзді жұптар жиі естиді екен. Бұл сөздерді естімеу үшін ikerim.kz мамандардың кеңесін ұсынады.

Өз қалауыңызды серігіңізге ашық айтыңыз

Серігіңізден жалтарудың мүлде қажеті жоқ. Интимді өмірде өзіңізге не керек екенін ашық айту араларыңызды жақындастыра түседі. Оның да пікірін сұрауды ұмытпаңыз. Мүмкін ол да сізбен жақын болғысы келетін шығар.

Төсек қатынасына не кедергі болатынын анықтаңыздар!

Егер мұны сұрамасаңыз оның неге қашқақтап жүргенін ұға алмайсыз. Бәлкім ол стрессте болуы да мүмкін. Сонымен қатар жыныстық қатынастан жиі бас тартуына физиологиялық мәселері де әсер етуі мүмкін. Тым көп жұмыс істеп, өзгелер үшін алаңдап жүретін адамның да төсекке деген қалауы бола бермейді. Мұндай жандар бірінші кезекте демалып, жұмыс туралы ұмытып энергия жинауы керек. Оның құлшынысына кедергі келтіретін жайтты анықтаған соң, онымен бірге шешудің жолдарын қарастыру керек.

Оны сынамаңыз, керісінше құмарлығын оятыңыз

Серігіңіз сізбен болудан бас тартса, оны сөзбен кекетіп сөйлеп сынаудың, мінеудің қажеті жоқ. Ол сіздердің мәселеріңізді одан әрі ұшықтырады. Оның орнына жұбыңыздың сізге деген құмарлығы оянатындай ынтықтырыңыз. Оның қалауын орындап, жаны мен тәнін тыныштандырыңыз.

Оған не ұнайтынын тексеріңіз

Жұптың бірі үнемі жақын қарым-қатынасқа ұсыныс жасай беретін болса, оған көңіл мен махаббат жетіспеуі мүмкін. Өзіңізді қанағаттандыру үшін ол адамның көңілін аударуға тырсыңыз.

Тағы оқыңыздар:

Түркияда "Ислам мемлекетіне" арналған журнал жарық көруде

Путиннен көмек күткен қырғыз зейнеткері миллион сомынан айырылып қалды

Майк Тайсонға еліктеген Ермахан Ыбырайымов бетіне тату салып алды (фото)

Павлодарда анасымен керісіп қалған оқушы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

Қирағалы тұрған ЭКСПО ғимаратының суреті халықты тағы да дүрліктірді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1409350-seriginhiz-tosek-qatynasynan-bas-tart/