Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жыныстық қатынаста қолданылатын адам шошырлық сегіз дәстүр

Опубликовано:

NUR.KZ порталы жыныстық қатынаста әлі күнге дейін қолданылып жүрген адам шошырлық сегіз дәстүрді "Гроб топ" YouTube парақшасына сілтеме жасап назарға ұсынады.

1. Сүйісуге болмайды

Мозамбикеде тұратын Тонго тайпасы сүйісуді жиіркенішті әрі ұятсыз әрекет санайды. Сол себепті, ерлі-зайыптыларға сүйісуге түбегейлі тыйым салынған. Есесіне жұрт алдында қалаған адаммен жыныстық қатынасқа түсуге рұқсат етілген.

2. Күндізгі уақытта жыныстық қатынасқа түспеу

Бұл тыйым кей оңтүстікафрикалық қоғамдарда белең алған. Олардың дәстүріне сәйкес, күндіз жыныстық қатынасқа түсу шектен шыққан ұятсыздыққа жатады. Ал түнгі уақытта қалаған адаммен жыныстық қатынасқа түсуге болады.

3. Жыныстық қатынасты зерттеу

Үндістандағы Мурия халқы Готул атты жастар ұйымында күндізгі уақытта жастарға әлеуметтік құндылықтарды үйретеді. Ал түнгі уақытта ұйым оқушылары бір-бірімен жыныстық қатынасқа түсу арқылы төсек қатынасын зерттейді. Оқушылар ереже бойынша әр түнде жыныстық қатынастағы серігін ауыстырып отыруы тиіс.

4. Киімді шешпеу

Ирландияның Инишир атты қоғамнан оқшау аралында жыныстық қатынас жаман әрі қорқынышты әрекетке жатқызылады. Мұнда тіпті балаларды құшақтауды ұятсыз әрекетке жатқызады.

Ал ерлі-зайыптылар төсек қатынасын ұрпақ сүю үшін амалсыз істелетін жағымсыз әрі қорқынышты әрекет деп біледі. Сол себепті, бұл әрекеттен ләззат алып, күнәға батпау үшін ерлі-зайыптыларға төсек қатынасында киімін шешуге тыйым салынған.

5. Төсек қатынасына үйрету

13 жасында Мангая аралының балалары сүндеттеу дәстүрінен өтіп, оқшау орынға әкетіледі.

Олар екі апта бойы қарт кісілерден төсек қатынасына қалай түсу керектігін үйренеді.

Жеткіншектерге "тәжірибелі" әйелмен жыныстық қатынасқа түсу мүмкіндігі беріледі.

Аралдағы әйелдер де төсек қатынасының қыр-сырын танып-білуі тиіс.

Ол үшін қыздарға аралда неғұрлым көп жігітпен жыныстық қатынасқа түсу ұсынылады.

6. Еркектерге "аңшылық"

Колумбияда тұратын Гуаджиро халқының әйелдері би кезінде еркетерге "аңшылық" жасайды.

Билеп жүрген еркекті қуалап жүріп аяғынан баса алған әйел онымен түнде жыныстық қатынасқа түседі.

7. Әйел таңдауы

Африканың Вудуаби халқы арнайы рәсім кезінде өзі ұнатқан ер адамды иығынан түртеді.

Бұл оның еркекті күйеуі етіп сайлағанын білдіреді.

Ер азамат өзге әйелге үйленген болса да, өзін таңдаған әйелдің күйеуі атануы тиіс.

Себебі, бұл тайпада әр әйел сансыз еркекті күйеуі етуге құқылы.

Тағы оқыңыздар:

Әйгілі үнді фильмінің жұлдызы созылмалы дерттен көз жұмды

Ташкентте есектің етінен колбаса дайындап келгендер жаға ұстатты

Күнделікті өмірдегі "тәтті сәттерді" бейнелейтін суреттер көпшілікті тәнті етті

Ақтөбеде қарақалпақстандық күйеуі тастап кеткен бес балалы әйел далада қаңғып қалды

Алимент төлемеу үшін сегіз жасар қызын қылғындырып өлтірген азамат жұртты шошытты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1698688-zhynystyq-qatynasta-qoldanylatyn-ada/

pixel