Жыныстық қатынасқа түспеген әйелдер психикалық ауруға шалдығады
Опубликовано:
Мамандар ұзақ уақыт бойы жыныстық қатынасқа түспеген әйелдердің бойында стресс гормоны - кортизол пайда болатынын дәлелдеді. Бұл туралы segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Зерттеушілер жыныстық қатынасқа түспеген әйелдердің психикалық дертке ұшырайтынын айтады. Сари Купер есімді психотерапевттің мәліметінше, ұзақ уақыт бойы төсек ләззатын алмаған әйел шаршаңқы әрі дел-сал күйге түседі екен.
Тіпті, осы қарқын жалғаса берсе, әйелдің болашақта жыныстық қатынасқа түсу туралы ойы да жоғалмақ.
Маманның пікірінше, жыныстық қатынасқа түсу арқылы әйел мен еркек бір-бірінің көңіл-күйлерін реттейді.
Әйелдер жыныстық қатынасқа сирек түскен сайын, олардың жыныс мүшесі тарыла бермек. Сол себепті, мамандар нәзік жандыларды төсек ләззатын жиірек алуға шақырады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1720085-zynystyk-katynaska-tspegen-jelder-psihikalyk-auruga-saldygady/