Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жыныстық қатынастың сапасына әсер ететін бес негізгі фактор қандай?

Опубликовано:

Ғалымдар жыныстық қатынасты жақсарта түсетін бес негізгі факторды анықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы newinform.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Төсек қатынасы. Көрнекі фото: newinform.com
Төсек қатынасы. Көрнекі фото: newinform.com: UGC

Сексологтар жыныстық қатынаста бастысы физикалық белсенділік екенін алға тартты - сапалы төсек қатынасы үшін физикалық тұрғыдан шыныққан болу маңызды. Сондықтан спортзалға барып тұруға ерінбеңіз.

Екінші фактор - жаман әдеттерден арылу керек. Нақтырақ айтсақ, алкоголь мен темекі сексуалдық белсенділікті төмендетеді.

Үшіншіден, жақсы тамақтанған абзал. Сапалы жыныстық қатынаста метаболизмнің де өз рөлі бар.

Төртінші фактор - ұйқының қануы. Егер ер адам бес сағаттан кем ұйықтаса, тестостерон мөлшері азаяды.

Бесіншіден, тұрақты түрде дәрігерге қаралып отырған жөн. Жыныстық аурулардың алдын алу төсек қатынасын жақсарта түседі.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1726855-zynystyk-katynasty-sapasyna-ser-etetin-bes-negizgi-faktor-kandaj/

pixel