Төсек қатынасы мен тамақтану үшін ең қолайлы уақыт қандай?
Опубликовано:
Forza Supplements компаниясы арнайы зерттеу жүргізіп, адамның ең жоғары қажеттіліктері - тамақтану, ұйықтау мен төсек қатынасына қолайлы уақытты анықтап берді. Ғалымдар 1000 адамның күнделікті өмірін бақылап, ағзаға пайдалы әрекеттерді бағалаған деп хабарлайды mixnews.lv сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жыныстық қатынасқа таңғы 7:30-да түскен абзал. Бұл уақытта адамның энергиясы жоғарылап, өмірге деген құштарлығы оянып тұрады. Оған қоса , күн басталмай жатып эндорфин гормонының көптеп бөлінуі - қуанышты көңіл-күймен жүрудің, табысты жұмыстың кепілі екен.
Ал таңғы ас үшін қолайлы уақыт - 7:15, түстенуге - 12:15, кешкі асқа - 18:00 дейді мамандар.
Жұмыстағы қиын шаруаларды бітіруге 9:45 тиімді уақыт. Себебі ағза оянғаннан кейін үш сағат өткен соң ғана белсенді жұмысқа кірісе алады.
Ғалымдар мәліметінше, таңғы 10:15-те аз уақыт болса да, ұйықтап алған дұрыс. Себебі бұл кезде адамның күйзеліс дәрежесі артып, ең қатты шаршайтын уақыты болып саналады екен.
Түнгі ұйқыға 22:10-да жатсаңыз, ағза жақсы демалып, сергектігіңіз жоғарылайды дейді мамандар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1727795-tsek-katynasy-men-tamaktanu-sin-e-kolajly-uakyt-kandaj/