Ерлі-зайыптылардың бір-біріне құштарлығын не жоятыны анықталды
Опубликовано:
Зерттеушілер ерлі-зайыптылардың төсек қатынасында бір-біріне құштарлығын электронды құрылғылар мен үй жануарлары жоятынын анықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы social.ren.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандар үй жануарлары мен гаджеттер ерлі-зайыптылардың төсек қатынасына түсуіне кедергі келтіреді деген пікірде.
Бос уақытын электронды құрылғыларға жұмсайтындар бір-біріне назар аударуды доғарады екен. Ал үй жануары ерлі-зайыптылар арасында оған кім күтім жасауы керектігі жөнінде дау-дамайлар тудыратын болып шықты.
Осылайша бір-біріне деген құштарлық жайына қалатын қос ғашық жыныстық қатынасқа түсуге құлшыныс танытпайды дейді ғалымдар.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1729780-erli-zajyptylardy-bir-birine-kstarlygyn-ne-zoatyny-anyktaldy/