Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұбайлардың төсекте қауышуына кедергі келтіретін жайттарды білесіз бе?

Опубликовано:

Ғалымдар ерлі-зайыптылардың жыныстық қатынасқа түсуіне "кедергі келтіретін" бес себепті анықтады. Айтуларынша жұмысбастылық, шаршау мен төсек қатынасына түсуге уақыттың жетіспеушілігі сынды жайттар отбасылы жандардың ара-қатынасын суытып жіберетін көрінеді деп хабарлайды tvoymalysh.com.ua-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды: UGC

DrEd медициналық онлайн-консультациялар сайты ерлі-зайыптылардың арасында "жыныстық қатынасқа қаншалықты жиі түсесіз?" деген сауалнама жүргізген. Нәтижесінде олардың дені (57%) отбасы құрғаннан кейінгі жарты жылдан соң төсек қатынасына түсу азая түскендігін мәлімдеген.

Сондай-ақ олар зерттеу кезінде төсек қатынасына түсуге кедергі келтіретін басты бес себепті де анықтапты.

Олардың арасында шаршаңқылық (сауалнамаға қатысушылардың 71,5%), жұмыстағы мәселелер (50,4%), уақыт тапшылығы (50,3%), балалар (31,1%), денсаулықтың сыр беруі (12,8%) деген себептер де бар.

Бұл ретте аталған мәселеге қатысты ғалымдардың да өз айтары бар. Мамандардың сөзіне сенсек, ерлі-зайыптылар жыныстық қатынасқа неғұрлым көп түссе, соғұрлым олардың жанұясы да бақытты болады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1737399-zbajlardy-tsekte-kauysuyna-kedergi-keltiretin-zajttardy-bilesiz-be/

pixel