Ғалымдар су ішінде жыныстық қатынасқа түсуге болмайтынын айтып дабыл қақты

Опубликовано:

Су ішінде жыныстық қатынасқа түсі көптеген жұпқа қызықты көрінгенімен, оның қауіпті жағы барын да ұмытпаған жөн. Осы орайда ғалымдар салқын душта, ыстық ваннада, бассейн немесе көлде жақын қарым-қатынас жасаспауға кеңес береді. Бұл туралы fakty.ictv.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: sueveriya.ru
Көрнекі фото: sueveriya.ru: UGC

Мәселен ыстық су қынаптың шырышты қабығына зиян келтіруі мүмкін. Соның әсерінен тері қатты тітіркеніп, түрлі микробтарды жұқтырып алуы ғажап емес.

Су ішіндегі жақындасудан ер мен әйел ләззат алудың орнына жыныстық мүшесінде ауырлық сезінеді.

Оған қоса, су құрамындағы хлор да қынпқа теріс әсер етіп, түрлі бактериялы инфекция тудырады. Ең сорақысы, су арқылы ұшық жараларын немесе АИТВ-ға шалдығу қауіптілігі бар.

Ал душта жыныстыққатынасқа түсу жарақат қауіптілігін тудырады. Бір жерді сындырып енемесе қатты ауыртып алмас үшін барынша мұқият болу керек дейді мамандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1737710-galymdar-su-isinde-zynystyk-katynaska-tsuge-bolmajtynyn-ajtyp-dabyl-kakty/