Беті күкірт қышқылынан күйген ару 200 отадан кейін нағыз сұлу әйелге айналды
Опубликовано:
1999 жылы 19 жастағы "Мисс Сочи" байқауының жеңімпазы Элеонора Кондратюкке ессіз ғашық болған жігіт, оған қолы жетпейтінін түсінген кезде бетіне күкірт қышқылын шашып жіберген. Арудың осыдан кейінгі өмірі қалай өрбігенін lemurov.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Элеонора кешкі уақытта құрбысымен серуендеп жүргенде оған екі азамат шабуыл жасап, бетіне белгісіз сұйықтық шашқан. Салдарынан, бойжеткеннің көздері, беті, мойыны мен иықтары күйіп қалған.

Арудың еміне кіріскен дәрігерлер бұрын соңды мұндай ауыр жағдайдағы науқасты көрмегендерін айтады. Осыған қарамастан, Элеонора өмірі үшін тоқтаусыз күресіп, 20 жыл ішінде 200 ота жасатқан.
Бойжеткенді жантүршігерлік жағдайға жеткізу туралы тапсырыс берген Сочидегі қылмыс әлемінің ханзадасы болып шықты. Ол Элеонораға есі кете ғашық болса да, оның жүрегін жаулай алмайды. Содан кейін екі жігітті жалдап, бойжеткеннің ешкімге бұйырмауы үшін барын салған.

Тәртіп сақшылары қылмыскерді қолға түсіру үшін бір жыл бойы іздеу жариялаған. Жігіт жазадан қашып, Карелияны паналап жүрген көрінеді. Құқық қорғау органы оны құрықтаған соң, 11 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.
Тағдырдың қатал сынына төтеп бере білген Элеонора өмірден түңілмей, сурет академиясына оқуға түскен. Қышқыл тигеннен кейін көздері нашар көріп, түстерді айыра алмай қалған қыз түрлі суреттерді шебер салатын көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1738019-beti-kkirt-kyskylynan-kjgen-aru-200-otadan-kejin-nagyz-slu-jelge-ajnaldy/