Ғашықтардың ажырасуына себеп болатын 5 әдет жайлы білесіз бе?
Опубликовано:
Бір нәрсені құрастырғаннан көрі бұзған оңай. Қарым-қатынаста да дәл солай. Кейде оны өзіміздің қалай бұзғанымызды байқамай қаламыз. Ғашықтардың ажырасуына апаратын қандай әдеттер бар? Бұл туралы social.radioromantika.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

1. Арадағы мәселені өзгелермен талқылау
Берік қатынастың кілті – бір-бірімен сөйлесіп үйрену. Жұбайыңызбен болған түсініспеушіліктерді құрбы, достарыңызбен емес, жұбайыңыздың өзімен талқылап, шешімін тауып көріңіз.
2. Басқалармен салыстыру
Егер сіз өзге жұптардың мінсіз қарым-қатынасына тамсансаңыз, қателесесіз. Олардың да арасында кикілжіңдер жиі орын алады. Тек олар оны сырт көзге көрсетпеуі мүмкін.
3. Гипербақылау
Жақсы қарым-қатынастың негізі – сенім. Бақытты некедегі ерлі-зайыптылар бір-біріне тәуелді емес. Екінші жартыңыздың әр басқан қадамын бақылап, қадағалаудың қажеті жоқ. Әйтпесе, оны жоғалтып алуыңыз ықтимал.
4. Өз-өзіңізді тастап жіберу
Сіз немесе жұбайыңыз өз-өзін күтіп, баптауды қойса, демек, мұны ескерусіз қалдырмау қажет. Бұл сырт келбетпен қатар ішкі жан-дүниеге қатысты. Өз-өзіңізді қолға алыңыз.
5. Эмоцияның жоғалуы
Өзге дүниелерге деген эмоцияңызды қадағалаңыз. Одан да екінші жартыңызға көңіл аударыңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1785093-gasyktardy-azyrasuyna-sebep-bolatyn-5-det-zajly-bilesiz-be/