Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жігіттерге кеңес: Қыздармен дұрыс танысудың оңтайлы тәсілдерін білесіз бе

Опубликовано:

Көшеде бейтаныс қыздармен қалай танысуға болады?
Көшеде бейтаныс қыздармен қалай танысуға болады? : Pexels

Көшеде бейтаныс адаммен танысу да өнер. Біреулер үшін адаммен танысып, тіл табысу қиынға соқса, енді біреулер бейтаныс кісімен тез танысып, сырласып кетіп жатады. Ал қыздармен танысу ер адамдар үшін оңай емес. Мамандар мұндай жағдайда ер-азаматтар бар-жоғы бірер минутта бойжеткендермен танысып қана қоймай, оны өзіне қаратып, естен кетпес әсер қалдыруға болатынын айтады.

Қыздармен қалау танысуға болады?

Қыздарды қайдан кездестіруге болады? Бұл сұрақтың сан түрлі жауабы бар. Нәзік жандыларды метрода да, дүкенде де, саябақта немесе автобус аялдамасында да кездестіруге болады. Біздің жағдайда, сіздің басты мақсатыңыз – онымен танысып, әңгімеге тарту болмақ. Көшеде кездесу барысында барлығы маңызды: сыртқы келбетіңізден бастап, сөйлеу мәнеріңіз, тіпті алғаш айтатын сөзіңізге дейін. Сол себепті танысудың төмендегі басты қағидаларын ескере отырып, өзіңізге берілген мүмкіндіктен айырылып қалмаңыз:

  • Ара қашықтықты ұстанып, оның жеке кеңістігін бұзбауға тырысыңыз. Егер бойжеткеннің арт жағынан келіп таныссаңыз, онда шамамен бір ересек адам сыятындай арақашықтықты ұстанған жөн. Сондықтан танысқан сәтте, бойжеткеннің қырынан, яғни сөмкесі жоқ жағынан келіп танысқан абзал.
  • Ол бір жерге асығып кетіп бара жатқанда, соңынан жүріп таныспаңыз. Тіпті болмаса, оның соңынан қуып жетіп, сосын барып танысыңыз. Ал жүріп жатқан адамның соңынан айғайлау – жақсы әдетке жатпайды. Одан да оның жанында сөйлесіп келе жатқан адам сияқты кейіп танытыңыз.
  • Оған күлімсіреп, көзіне тік қараңыз. Біріншіден күлімсіреу арқылы оның назарын өзіңізге аударсаңыз, екіншіден осы әрекетіңіз арқылы оның сеніміне кіре аласыз.
  • Қолыңызды қалтаға салмаңыз немесе беліңіздің тұсына, артқа қайырмаңыз. Қыздар мұндайдан қорқады.
  • Сыртқы келбетіңіздің дұрыс болуы туралы да ұмытпаңыз.

Танысу арқылы сіз оны ыңғайсыз жағдайға қалдырмаңыз. Сіздің танысуыңыз оны ұятқа қалдырмай, керісінше ерекше оқиға болуға тиіс.

Көшеде бейтаныс қыздармен қалай танысуға болады?
Көшеде бейтаныс қыздармен қалай танысуға болады? : Pexels

Бойжеткендермен әңгімені қалай бастау керек

Бала күнімізде көпшілігіміз танымайтын адамдармен сөйлесуге болмайтынын, әдепті адамдар олай істемейтінін естіп өстік. Уақыт өте келе балалар ненің жақсы-жаман екендігін білсе де, олардың тұлғалық қалыптасуында ата-аналардың ролі зор. Мысалы балаларды тәрбиелеу барысында қорқыныш, түрлі комплекстер мен айналадағы адамдардың пікіріне деген патологиялық комплекстер пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда не істеу керек? Әрине олармен күрескен жөн.

Көшеде кездестірген қыздардың көпшілігі терең ойда жүреді. Ол телефонмен сөйлесіп я болмаса құлаққаппен музыка тыңдап, ал кейде құрбысымен сөйлесіп келе жатуы мүмкін. Оның бәрі онымен танысуды қиындататыны анық. Мұндай жағдайда өзіңіздің онымен әңгімелескіңіз келетіні туралы белгі беріңіз: жымиыңыз немесе көзіңізді қыссаңыз да болады. Өкінішке орай көп жігіттер «жымиюдан» ары аса алмай жатады. Себебі олардың көбі бойжеткендермен қалай әңгімелесуге болатынын білмейді. Сондықтан қыздармен көшеде танысып, оны өзіңізге қарату үшін не істеу керек? Төмендегі кеңестерге құлақ түріңіз:

  • Танысуды «сәлем» сөзінен бастаған жөн. Жалпы қыздарға мақтау айтудан қорықпаңыздар. Бастысы сіздің мақтауыңыз орынды болса болғаны.
  • Қыздардан сағат қанша екенін сұрасаңыз болады. Егер кешқұрым уақыт болса, оған: «Жалғыз жүруге қорықпайсыз ба? Шығарып салайын» деп айтып көріңіз.
  • Қысқа да нұсқа сөйлеңіз. Сол себепті сөйлемдеріңіз бір-бес сөзден аспау керек. Сол себепті «Кітапханаға қалай жетсе болады?», «Сіздің анаңызға күйеу бала керек емес пе?» деген тұрақты тіркестерді есте ұстаған абзал. Кейде дәл осындай тіркестер қыздардың назарын сізге аудара алады.
  • Қызға бірден: «Сіз маған ұнап қалдыңыз, таныссақ бола ма?» деп те айтсаңыз болады.

Жалпы қыздармен танысарда сөйлеу мәнеріңіз бен интонацияңызға мән беріңіз. Заманауи қыздар өздерін өздері қорғай алатынын ескеріңіз. Күмән туғызсаңыз, олар тіпті сөмкесімен ұрып жіберуі де мүмкін. Бастысы нені істейтініңіз емес, оны қалай істейтініңіз екенін ұмытпаңыз.

Көшеде бейтаныс қыздармен қалай танысуға болады?
Көшеде бейтаныс қыздармен қалай танысуға болады? : Pexels

Қыздармен қалай араласу керек?

Қыздың жанына барып, танысқаннан кейін оның сеніміне кіруге тырысыңыз. Сонда ғана оның ойында «Бұл кім болды екен? Неге тек маған ғана келіп, сөйлесе бастады? Менен не білгісі келіп тұр екен?» деген сауалдар болмайды. Осы орайда сіздерге арулармен қалай араласу керектігі жайлы бірнеше кеңес береміз:

  • Оған жағымды эмоция сыйлауға тырысыңыз. Гүл сыйлаңыз, балмұздақ сатып әперіңіз немесе әзіл айтыңыз.
  • Барынша ашық болуға тырысыңыз. Қызды сөзге тартып, жеңіл әңгіме айтудан бастаңыз. Әңгімелесу ол үшін жеңіл болуы керек. Сол себепті сөйлеу мәнеріңізді дұрыстап, күлімсіреуді ұмытпаңыз.
  • Оның ерекше қыз екенін, сол себепті көп қыздардың ішінде тек онымен танысуға тырысқаныңызды жеткізіңіз.

Егер ол сізбен сөйлесуден қашпаса, онда бойжеткен сізбен араласуға дайын деп қабылдай беріңіз.

Танысудың соңғы нүктесі – бойжеткеннің телефон номерін алыңыз немесе кездесуге шақырыңыз. Егер ұнатып қалған қызыңыз асықпаса, оны жақын маңдағы кинотеатрға немесе кофе ішуге шақырыңыз. Ал бойжеткен бүгін оның уақыты жоқ екенін айтса немесе сізге көңіл бөле алмаса, өз телефон номеріңізді беріңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1964031-zigitterge-kenes-qyzdarmen-durys-tanysudyn-ontaily-tasilderin-bilesiz-be/

pixel