Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көңілдесін ұялмай үйге әкеледі": Күйеуі опасыздық жасаған әйел көпшіліктен кеңес сұрады

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: pixabay.com

Күйеуі опасыздық жасап, басқа жанмен көңіл қосқан әйел өз оқиғасын баяндап, елден кеңес сұрады. Ол күйеуі мен көңілдесінің ұялмай үйге келетініне ашынған, деп жазады Диапазон газетінің желідегі парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Күйеуім өзіне көңілдес тауып алды. Барлық жерде сонымен жүреді, ұялмайды, тіпті жасырмайды. Алысқа кеткендері сонша, мен жоқта оны үйге де алып келіпті. Біз некеге тұрғаннан кейін үйді бірге сатып алдық.

Үйдің ортақ иеленушісі ретінде оған қалай тыйым салсам болады? Балаларымыз тұратын үйге көңілдесін әкелдірмеу үшін не істеймін? Өзіне айтып едім, бұл оның да үйі болғандықтан, тыңдамай отыр. Қит етсе ажырасу туралы айтады", - дейді келіншек.

Жоғарыдағы сұрақтарға заңгер Алена Дуля жауап берді.

"Заңда мұндай тыйым жоқ. Ол келіншек сіздің үйіңізде тұрмайды, тұрғылықты мекеніңізге шақырту бойынша ғана келеді. Өз еркімен келіп жатқан жоқ. Сіздің жұбайыңыз да, ол да заң бұзған жоқ. Бұл жағдайда сіздің күйеуіңіз мүлікті ортақ пайдалану құқығын ғана қолданды", - дейді заңгер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1966021-konildesin-uyalmai-uige-akeledi-kuieui-opasyzdyq-zasagan-aiel-kopsilikten-kenes-surady/

pixel