Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлер мен әйелдер арасындағы жас айырмашылығы ара-қатынасына қалай әсер етеді

Жарияланған күні:

Ерлер мен әйелдер арасындағы жас айырмашылығы олардың ара-қатынасына қалай әсер етеді
Ерлер мен әйелдер арасындағы жас айырмашылығы олардың ара-қатынасына қалай әсер етеді: Pexels

Брижит және Эммануэль Макрон, Лиза Боне мен Джейсон Момоа, Дональд және Мелания Трамп, Алек және Хилария Болдуин – жас айырмашылығында айтарлықтай алшақтық бар жұптар. Ерлі-зайыптының арасында жас ерекшелігіне байланысты айырмашылық үлкен болса, олардың ара-қатынасына әсері бар ма? Бүгінгі материалда осы және өзге де сауалдарға жауап іздеп көрдік.

Арадағы жас ерекшелігі ерлі-зайыптының ара-қатынасына әсер ете ме

Бүгінде жасында айтарлықтай айырмашылық бар көптеген жұптардың бақытты, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқанының куәсі болып жүрміз. Алайда олардың арасында ара-қатынасы бұзылып, тіпті кейін ажырасып кеткен жұптар да бар. Жалпы жасы айтарлықтай алшақ ғашықтардың ара-қатынасы қалай болады?

Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, мұндай жас ерекшелігі екі жұптың ара-қатынасына қалай да болса әсер ететітін көрсетіп отыр. Playboy журналы мұндай жұптар көп жағдайда айырылып кететінін жазған. Мысалы:

  • 1 жасқа дейінгі айырмашылық – 3%.
  • 5 жасқа дейінгі айырмашылық – 18%.
  • 10 жастан 19 жасқа дейінгі айырмашылық – 39%.
  • 20 және одан да көп жас айырмашылығы – 95%.

Демография және философия ғылымдарының докторы Свен Дрефаль да бұған қатысты қызық зерттеулермен бөліскен. Оның айтуынша, әйелдер мен ерлер арасындағы жас ерекшелігі олардың өмір сүру ұзақтығына да әсер етеді екен. Дрефальдың зерттеулері төмендегідей:

  • жас айырмашылығында айтарлықтай алшақтық бар некелерде, мәселен әйелі күйеуінен бірнеше жас үлкен болған кезде, екі серіктестің де өмір сүру ұзақтығы төмендейді;
  • ал егер жолдасы әйелінен үлкен болса, онда ер адамның өмірі ұзарып, әйелдердікі керісінше қысқарады екен.
Ерлер мен әйелдер арасындағы жас айырмашылығы олардың ара-қатынасына қалай әсер етеді
Ерлер мен әйелдер арасындағы жас айырмашылығы олардың ара-қатынасына қалай әсер етеді: Pexels

Бұдан бөлек ара-қатынастың жақсы болуына психоэмоциялық факторлар да әсер етеді. Мәселен қоғам пікірі, ортақ немесе басқа некеден баланың болуы, әлеуметтік жағдайы және т.б.

Осы орайда ерлі-зайыптылардың ара-қатынасы берік болу үшін, олардың жас айырмашылығы қанша жас болуы керек. Мамандар келесідегідей болжамдар айтады:

Жасы үлкен жұптың жасын екіге бөліп, оған 7 санын қосу керек. Бірақ The Economist басылымының колумнисі Сумайя Кейнстің айтуынша, бұл формула тек теория жүзінде ғана жарамды дейді.

Ал шын мәніндегі зерттеулердің нәтижесі танысу сайттарында, әсіресе, әйел адамдар өзімен жасты ер адаммен танысқысы келетінін көрсеткен. Ер адамдар өзінің жасына қарамастан, мұндай сайттарда жасы 20-дағы арулармен танысуда жөн көрген.

Жас айырмашылығы 2-3 жас болса

"Экономика және өмір" журналы ерлі-зайыптының жасы шамамен бірдей некеде, уақыт өте келе күйеуі мен әйелі бір-біріне ұқсап кететітін, олардың өмірге деген көзқарасы, өзін-өзі ұстауы, тіпті сырт келбеті тұрғысынан бір-біріне қатты ұқсап кететінін көрсеткен. Мұндай ерлі-зайыпты өзара тез тіл табысып, өмірдегі қиындықтарды оңай шешеді екен.

Ерлі-зайыпты жасты болса

Эндрю Френсис-Тан және Хьюго М. Миалон атты ғалымдар бір-бірімен жасты жұптардың некелері барынша берік болатынын дәлелдеген. Олардың есептеуінше, бір-бірінен жас айырмашылығында 5 жас бар жұптардың 18%-ы жастары бірдей ерлі-зайыптыларға қарағанда жиі ажырасып кетеді екен.

Жұбайлардың қарым-қатынасы жайлы көп зерттеген психолог Анна Иотконың айтуынша, кез келген адам сүйіктісімен ара-қатынасты өзі жасайды екен және онымен арадағы татулықтың бұзылуына да жұптардың тікелей өзі кінәлі екен.

Некеде ер адамның жасы әйелінен үлкен болса, қарым-қатынасы қалай өрбиді?

Егер некеде ер адамның жасы жұбайынан 10, 15, 20 жасқа үлкен болса, психология ғылымдарының кандидаты, доцент Ирина Хохтың айтуынша, жыныстық қатынастағы үйлесімділік әсер етеді екен. Ғалым бұл қағиданы өзінің "Ерлі-зайыптылардың жас ерекшеліктері әр түрлі некедегі психологиялық қанағаттанбаушылықтың түрлері" атты еңбегінде жария еткен. Десе де жастағы мұндай едәуір айырмашылық түптің-түбінде ғашықтардың ара-қатынасының бұзылуына әкеп соқтыруы ықтимал дейді мамандар.

Жас айырмашылығы 10 жас болса...

Егер ерлі-зайыптылардың жас ерекшелігі 10 жас болса, онда еркек адамның жасы 30-да, ал әйел адамның жасы 20-да болса, айтарлықтай ерекшелік байқалмайтын болады. Ал жұптардың жасы ұлғайып, әйелі 45-50 жасқа келгенде, біреуінің жыныстық қатынастағы қажеттіліктері екіншісін қанағаттандырмауы мүмкін. Бұл ретте жастарында 11 жас айырмашылығы бар Райана Рейнольдс пен Блейк Лайвлиді мысалға келтіруге болады. Қос ғашық жас ерекшелігіне қарамастан, бүгінде бақытты ғұмыр кешуде.

Жас айырмашылығы 15 жас болса

Ер адам сүйіктісінен 15 жасқа үлкен болса, әйел адам тұрақтылықты, өмірде тәжірибе жинауды аңсайды. "Әр түрлі жастағы неке: психологиялық мәселелері" мақаласында Г. Залевский ерлердің жас әйелмен бас қосуы – олардың жыныстық қатынаста сенімділігінің, жас көрінуінің кепілі дейді. Мұндай жұпқа Джордж Клуни мен Амаль Аламуддинді жатқызуға болады (жас айырмашылығы 17 жас)

20 және одан да үлкен жас болса

Жасы егде тартқан ер адамдар қашан да жас қызға көз қырын салады. Ал жас арулар мұндай еркектің бойынан ақылдылықты, даналықты, қорған мен тұрақтылықты көреді. Сонымен бірге олардың материалдық жағдайын жақсартатынына сенімді болады.

Мұндай некенің осал тұсы тек өмірдегі мақсатының, көзқарасының, қызығушылығының әртүрлілігі болуы мүмкін. Ал егер ерлі-зайыптылардың ортақ ісі болса, онда олардың некесі ұзақ әрі тұрақты болады. Брюс Уиллис пен Эмми Хеминг осының жарқын дәлелі бола алады.

Әлеуметтанушы ғалымдар С. Климова мен М. Елютина "Толық емес неке: жас үйлесімділігінің әлеуметтік негіздері" мақаласында әйелі жас болған сайын ерлердің өздеріне күтімі күшейетінін, сыртқы келбетімен бірге ішкі жан дүнесін де жас қалпында сақтауға тырысатыны жайлы айтады.

Әйел адам сүйіктісінен бірнеше жас үлкен болса

Бүгінде әйелі күйеуінен бірнеше жас үлкен жұптарды жиі кездестіретін болсаңыз, таң қалмаңыз. Г. Залевский мұндай некеде эмоциялық әрі сексуалдық үйлесім көп болса 3-5 жылға жалғасатынын айтқан. Некенің екінші фазасы келген сәтте, көп жағдайда олар айырылысып кетіп жатады екен. Мұндай одақ егер жұптар бір-бірін шын сүйетін болса және өмірінің соңына дейін сол адаммен жалғастырғысы келетін жағдайда ғана тұрақты болады дейді мамандар. Олар тіпті некеде бақытты жандар жас айырмашылығына мән бермейтінін де жеткізген.

Көп жағдайда мұндай некеге өзін-өзі асырай алатын, қаржылық тұрғысынан тәуелсіз және өз әлеуетін толықтай пайдалана алған әйелдер ғана келісетіні дәлелденген. Яғни жасы егде тартқан әйелді жыныстық қатынаста өзімен жасты ер адамнан гөрі, жас жігіттер қызықтырады екен. Мұндай әйелдер көбінесе сүйіктісіне:

  • қаржылай жағынан көмектеседі
  • олардың армандарын, алға қойған мақсаттарын орындауға тырысады
  • мансапта көтерілуіне көмектеседі
  • көптеген күрделі мәселелерді шешуге жол ашады екен.

Мұндай жұпқа – Брижит және Эммануэль Макрон жатады.

Мұндай отбасыларды әйел адам еркектің рөлін ойнайды. Егер мұндай қарым-қатынас ғашықтардың екеуіне де ұнаса, онда неке берік болады.

Бірақ кей жағдайларда ерлер мұндай қарым-қатынасқа шыдай бермейді. Ол есейіп, өзінің отбасының басшысы болғысы келетінін сезеді. Осындайда отбасында көптеген түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. Әйел адам сүйіктісінің бұлай тез өзгеруін қабылдай алмай, оған билікті бергісі келмейді. Г. Залевский төмендегідей кеңес береді:

  • ер адамға еркіндік беріңіз;
  • оған қамқорлық көрсете бермеңіз;
  • сүйіктіңізге өз бетімен шешім қабылдауға мүмкіндік беріңіз;
  • оның бар жауапкерішілікті өз мойнына аламын деген шешіміне құрметпен қараңыз.

Мұндай жұптарға герцогиня Альба мен оның жолдасы Альфонсо Диес, Сэм мен Аарон Тейлор-Джонсон, Джейсон Момоа және Лиза Боне және т.б. жатады.

Жас айырмашылығында айтарлықтай алшақтық бар жұптардың некесінің жақсы жағы мен кемшілігі де көп. Тәжірибе көрсеткендей, жасында айырмашылық бар көптеген ерлі-зайыпты бүгінде бақытты ғұмыр кешуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1968996-erler-men-aielder-arasyndagy-zas-aiyrmasylygy-ara-qatynasyna-qalai-aser-etedi/