Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жастарға үлгі болсын": Алматыда үнемі қол ұстасып жүретін әжей мен ата ел назарына ілінді

Опубликовано:

Қариялар
Видеодан кадр: instagram.com/samalbek_zhaksylyk

Алматылық фотограф Самалбек Жақсылық өзінің Instagram парақшасында Арбатта үнемі қол ұстасып жүретін қарт жұптың видеосын жариялады. Мұны көрген желі қолданушылары таңданыстарын жасыра алмай, тіпті көз жасына ерік бергендер де табылған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Арбаттағы ең керемет жұп", - деп жазды фотограф.

Самалбек Жақсылық өзінің қарт кісілермен сөйлескен сәтінен видео да жариялаған. Ол ата мен әжейге екеуінің фотосы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленгенін жеткізген.

Ал өз кезегінде қария жұбымен "жастарға үлгі болсын" деп қол ұстасып жүретінін айтты.

Қарт жұптың видеосын көрген желі қолданушылары олардың махаббатына таңданыстарын жасыра алмады.

"Қандай керемет! Өмір жастары ұзақ, дендері сау болсын! Алла тағала бәрімізге осындай махаббат берсін", "Құдай қаласа осындай күнге жетейік", "Жылап қалдым ғой, осы кісілердің жасын берсін", "Керемет, көз тоярлық жандар екен", "Алла бізге де нәсіп етсін мәңгі жұп болуды, қандай керемет, қараған сайын жанарыңа мейірім ұялайды", - деп жазуда олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1969143-zastarga-ulgi-bolsyn-almatyda-unemi-qol-ustasyp-zuretin-azei-men-ata-el-nazaryna-ilindi/

pixel