Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Психолог ерлі-зайыпты арасындағы қарым-қатынасты жақсартудың тиімді жолдарын атады

Опубликовано:

Ерлі-зайыпты
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ерлі-зайыпты арасындағы романтикалық қарым-қатынасты зерттеумен айналысатын психолог, ғылым кандидаты Эми М.Гордон жұбайлар жарастығын сақтау жолдарын атады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Psychology журналына сілтеме жасап.

Психолог өзінің некеде тұрғанына 20 жылдан асқанын айтады. Оның пікірінше, сонда да ол өз отбасын идеал жұп санамайды.

Алайда сарапшы отбасындағы суып кеткен қарым-қатынасты қалпына келтіруге көмектесетін бірнеше тиімді әдісті жиі қолданатынын жеткізген.

Біріншіден, Эми М. Гордон өзара қарым-қатынасқа серігіңнің көзімен қарауға кеңес береді. Ол жағдайға басқа көзқараспен қараған жұптардың қарым-қатынаста бақытты болатынын растайтын зерттеулерге сілтеме жасаған.

"Өзара қарым-қатынасыңызға сырттай қарап, өзіңізді жарыңыздың орнына қойып көріңіз, сонда сіз оны жақсы түсіне аласыз, бұл әдіс өзіңізді де жақсырақ тануға көмектеседі", - дейді психолог.

Қарым-қатынасты жақсартуда қолдануға болатын екінші тиімді әдіс - кешіре білу және кек сақтамау.

"Некеде тұрған адамға аздап амнезия алған пайдалы деп біреуден естіп едім, жиырма жыл отбасы болған кезеңде бұл сөздердің қаншалықты даналықпен айтылғанын түсіндім", - дейді Эми М.Гордон.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1976527-psixolog-erli-zaiyptylar-arasyndagy-qarym-qatynasty-zaqsartudyn-tiimdi-zoldaryn-atady/

pixel