Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық ару Miss World International атанды

Опубликовано:

Кристина Менисова
Кристина Менисова. Фото: Instagram/ kristinamenissov

Қазақстандық модель Кристина Менисова Miss World International халықаралық байқауында бас жүлдені жеңіп алды. Сұлулық байқауына әлемнің түкпір-түкпірінен келген арулар қатысқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Байқау 21-25 тамыз аралығында АҚШ-тың Майами қаласында өткен. Кристина сүйінші сұрап, бұл жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті.

Ол марапаттау рәсімінен бірнеше фото жариялады. Қазақстандық ару Miss World International тәжіне ие болған.

"Отаным Қазақстанды әлемге паш етіп, Miss World International атану мен үшін үлкен мәртебе", - деп жазды ол фото сипаттамасына.

Сондай-ақ Кристина сахнадағы образын жасауға көмектескен жандарға алғысын білдірді.

Модельді Instagram парақшасында әлемнің түкпір-түкпірінен жазылған оқырмандары құттықтап, пікір қалдырған.

"Құттықтаймын", "Сен бұған лайықсың, Кристина", "Сен сұлусың", "Мен бұған таңғалмаймын", деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Кристинаның фотолары әлемге әйгілі сән журналдарында жиі жарияланып тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1984975-qazaqstandyq-aru-miss-world-international-atandy-foto/

pixel