Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күзде қандай шаш түстері сәнде болады

Опубликовано:

шаш түсі
Көрнекі фото: pexels.com

Әлем сәнгерлері 2022 жылдың күзінде сәнді болатын шаш түстерін атады, деп жазады KAZ.NUR.KZ Voice журналына сілтеме жасап.

Биыл күзде сәнгерлер "қызғылт каштан", "жылы реңді даршын" және "ақ сары" түстер өзекті болатынын болжауда. Сарапшылардың пікірінше, бұл реңктер шашты әдемі көрсетіп, оларға терең сипат береді.

Бұл тізімге сонымен қатар "классикалық платина" және "алтын сары" түс те енген. Сәнгерлер бұл реңктердің жазда күнге күйген бет терісімен әдемі үйлесетінін алға тартады.

Сонымен қатар, алдағы маусымда "мыс карнеолы" (асыл тас), "француз брюнеткасы" және "драмалық брюнетка" түстері сәнде болады. Басылым соңғы аталған түстің ерекше күтімді қажет ететінін атап өткен, өйткені мұндай түске боялған шаштың жылтырлығын сақтау оңай емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1985383-2022-zyldyn-kuzinde-qandai-sas-tusteri-sande-bolady/

pixel