Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адамдар неліктен көзге шөп салады: негізгі 10 себеп

Жарияланған күні:

Ер адамдар неліктен көзге шөп салады: негізгі 10 себеп
Ер адамның мойнына асылған әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ер адамдар некеде немесе жай ғана қарым-қатынаста бақытты бола алады, дегенмен сүйіктісін де алдап жүреді. Неліктен бұлай болуы мүмкін? Қандай ер адам көзге шөп салуға бейім және мұндай жағдайдың себебі неде екенін дәрігер Алисия М.Уокер, психотерапевт Айна Громова түсіндірді.

Үйленген ер адам неліктен әйелінің көзіне шөп салады? Ең жиі кездесетін себептердің қатарында отбасылық мәселелер, психологиялық дисгармония, жыныстық қанағаттанбау, орта жастағы дағдарыс, көзге шөп салғаны үшін кек алу, жұбайының қызғанышы, әйелінен ұзақта жүру, сезімге шөлдеу, эгоны еркелету, кездейсоқ жағдайлар бар.

Отбасылық мәселелер

"Мой секрет" журналының сарапшылары ер адамның әйелінің көзіне шөп салуы үйдегі жайсыз жағдайларға, жұбайы екеуінің арасында жиі болатын келіспеушіліктерге байланысты екенін сенімді түрде жазады. Мұндай жағдайлармен бетпе-бет келген көптеген ер адам қиындықтардан аулақ болуға тырысады және жыныстық ойын-сауықты сырттан іздейді.

Жарқын эмоциялардың болмауы, жалғыздық пен отбасына пайдасының тимеуін сезіну де көзге шөп салуға итермелеуі мүмкін. Доктор Алисия М.Уолкер Marie Claire журналына берген сұхбатында ер адам ашынадан өзінің заңды әйелінен алмайтын эмоционалдық байланысты, қолдау іздейтінін айтты.

Психологиялық дисгармония

Дәрігер-психотерапевт Айна Громова ер адам әйелінің салқындығын түсінген кезде бұрыс қадамдарға баруы ықтимал деп санайды. Көбінесе ерлі-зайыпты үйленгеннен кейін жылдар бойы некелі жұп ретінде емес, көршілер секілді өмір сүреді. Олардың арасында жылулық, жақындық пен қолдау жоқ. Заңды әйелінің мұндай алшақтығы мен психологиялық салқындығы ер адамды басқа әйелден жайлылық, түсіністік пен жылулық іздеуге итермелейді.

Жыныстық қанағаттанбау

Ер адамның әйелімен қосылған кезде қанағаттанбауы және жыныстық қатынастың біркелкі болуы көзге шөп салуға дейін жеткізіп жатады. Егер интимдік байланыс сирек болса немесе екеуіне де белгілі сценарий бойынша жүзеге асса, күйеуі әйелін сексуалдық нысан ретінде қабылдауды тоқтатады. Мұндайда ер адам заңды әйелімен сезім ұшқынын тұтатып, интимдік өмірін жақсартудың орнына жыныстық қажеттіліктерін басқалардан іздеу арқылы қанағаттандырады.

Ер адамдар неліктен көзге шөп салады: негізгі 10 себеп
Түнгі клубта кездескен ер мен әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Орта жас дағдарысы

Қандай ер адам әйелін алдауға бейім келеді? Көбінесе ер адамның сырттан табатын махаббаты орта жастағы дағдарыс тұсында пайда болады. Мұндай ер адамда бәрі жақсы сияқты: мансап, отбасы, балалар, тұрақты табыс және үнемі демалысқа шығу мүмкіндігі бар. Алайда ер адам өзінің өмірлік жетістіктерін асыра бағалай бастайды және қол жеткізгісі келген дүние осы ма еді деп күмәнданады.

Ондай ер адам жасы ұлғайған сайын енді жасармайтынын әрі әйелі де оған сексуалдық нысан ретінде сирек қарайтынын сезінеді. Осы ойлардың әсерінен ол жастық шағын, албырттығын, күш-қуатын қайтарғысы келеді және бұрын басынан кешкен сексуалдық эмоцияларын сынап көргісі келеді. Мұның барлығын ол заңды әйелінен емес, өзінен 10-15 жас кісі ханымнан іздей бастайды.

Көзге шөп салғаны үшін кек алу

Америкалық әлеуметтанушылар Майкл В.Видерман және Кэтрин Хердтің зерттеулері бойынша ерлердің төрттен үш бөлігі сүйіктісінің көзіне шөп салуға дайын болады екен. Дегенмен әйелінің сатқындығы туралы білгеннен кейін де ер адамдар қатты ренжіп, өздеріне күмәндана бастайды.

Әділдікті "қайта орнату" үшін олар жаңа қарым-қатынасты бастап, жұбайына оның қателігін еске салып отырады. Бұған жол бермеу және күйеуіңіздің жан дүниесінде қалып қойған ренішті сейілту үшін оған сүйіспеншілігіңізді, құрметіңізді және оны қаншалықты бағалайтыныңызды көрсетіңіз.

Жұбайының қызғанышы

Әйелінің кейбір мінез-құлқы ер адамды зинақорлыққа итермелеуі мүмкін. Жұбайының үнемі бақылауда ұстауы, сенімсіздігі және негізсіз жиі қызғануы күйеуіне артық стресс тудырады. Оған қоса ер адам өзіне тағылған айыпты іс жүзінде жүзеге асыруға ұмтылады. Әйелдің мұндай қылықтары ер адамның араласатын ортасындағы қыз-қырқынға назар аударуына және тез арада жаңа қарым-қатынас бастауына түрткі болады.

Ер адамдар неліктен көзге шөп салады: негізгі 10 себеп
Ерлі-зайыптының әңгімелесу сәті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Әйелінен жырақта жүру

Ерлі-зайыптының екі жақта жүруі ер адамды жағымсыз істерге жетелеуі мүмкін. Ол шетелге іссапарға аттанады немесе көрші қалаға ата-анасына бару үшін ұзақ уақытқа кетеді. Әйелінен алыс болғандықтан, ер адам жалығып, ойын-сауық іздей бастайды. Бұл жағдай көбінесе ер адамның бір рет көзге шөп салуымен немесе ұзақ мерзімді махаббатын табуымен аяқталуы ғажап емес.

Эгоны еркелету

Ерлер опасыздығының ең көп тараған себептерінің бірі - өзін-өзі көрсетуге және эгосын еркелетуге ұмтылуы болса керек. GQ журналының редакторлары кейбір ер адамға сексуалдық жетістіктер өзінің мықты екенін көрсетудің дәлелі секілді көрінеді деп санайды. Мұндай ер адамдар өмірлік жұбайын, тіпті тұрақты ашынасын да оңай өзгерте алады. Олар ішкі дүниесінің қуыстығын, өзіне деген сенімсіздігін және маңызды жетістіктерінің жоқтығын жасыру үшін осындай теріс қадамдарға барады.

Сезімге шөлдеу

Көзге шөп салуға көбінесе ерлердің шытырман оқиғаға деген құштарлығы, тәуекелге баруға және ерекше сезімге бөленуге деген ұмтылысы себеп болады. Отбасылық өмірде бәрі тұрақты болған кезде олардың кейбірі жалыға бастайды және бейтаныс әйелдің шақыруына, еліткіш көзқарас пен тартымды пішініне оңай ере салады.

Мұндай ер адам басқа әйелге көз салса да, өз жұбайын ренжітуді немесе көңіл-күйін бұзуды қаламайды. Ол жай ғана күнделікті өмірден, үй мен жұмыстың арасында шапқылаудан, апта сайын теледидар алдында өтетін бірсарынды қызықсыз демалыс күндерін қайталаудан құтылуға тырысады.

Ер адамдар неліктен көзге шөп салады: негізгі 10 себеп
Жанып тұрған от жанында билеген жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Кездейсоқ жағдайлар

Ер адамдар көзге шөп салса да неліктен әйелінен кетпейді? Гештальт-терапевт Дмитрий Карпачевтің пікінше бұл кездейсоқ жағдайлардың әсерінен болады. Күнделікті өмірде ер адамдар үлгілі отағасы бола алады. Алайда іссапар, жұмысты ауыстыру, жаңа қызметкердің пайда болуы, сүйкімді бала күтушісі немесе басқа да нысандар оны осындай жағдайға итермелейді.

Ер адамдар әйелдерін алдауға бейім. Интригалар әр түрлі себептерге байланысты болуы мүмкін. Мұндай келеңсіз жайттар жұбайлық өміріңізде болмасын десеңіз, қарым-қатынасыңызға сырттай баға беріп қараңыз, қателіктер болса дер кезінде түзетіңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2005867-er-adamdar-nelikten-kozge-sop-salady-negizgi-10-sebep/