Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басқаларға сабақ болсын": макияжға арналған щеткаларын өзге қыздармен бөліскен ару ауру жұқтырып алды (фото)

Опубликовано:

макияж щеткалары
Макияж щеткалары. Көрнекі фото: pixabay.com

Луайра есімді ұлыбританиялық бойжеткен басқа жандарға сабақ болсын деп, макияж жасауда жіберген қателігін көпшілікпен бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ The Sun сайтына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, Луайра бетіндегі күйікке ұқсайтын дақтарды байқағаннан кейін дәрігерге жүгінген. Белгілі болғандай, ол құрғақ теміреткі ауруын жұқтырып алған.

Луайраның сөзінше, ол бұған дейін басқа адамдармен өзінің макияж щеткаларын бөліскен.

Луайра
Луайра. Фото: TikTok/@louaira

Луайра өзі жіберген қателікті өзге қыз-келіншектер қайталамас үшін осы оқиғамен бөліскісі келген. Оның айтуынша, көбісі макияж щеткаларының тазалығына жіті мән бермейді, сондықтан түрлі ауруларды жұқтырып алу оңай.

"Әр түрлі инфекцияларды жұқтырып алмас үшін макияжға арналған жеке заттарыңызбен тіпті, бөліспеген абзал", - дейді ол.

Сондай-ақ Луайра басқаларды оның оқиғасынан қорытынды шығарып, өз денсаулығы мен гигиенасына көбірек көңіл бөлуге шақырды.

Луайра
Луайра. Фото: TikTok/@louaira

Сонымен қатар медицина қызметкерлері де макияжға арналған жеке қолданыстағы щеткаларды, губкаларды және спонждарды үнемі тазалап, мезгіл сайын ауыстырып тұру керек екенін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2017247-basqalarga-sabaq-bolsyn-makiyazga-arnalgan-shhetkalaryn-ozge-qyzdarmen-bolisken-boizetken-auru-zuqtyryp-aldy-foto/

pixel