Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тауық етінен жасалған күріш көже: ең оңай дайындалу әдісі

Жарияланған күні:

Күріш көже
Тауық еті мен күріштен жасалған сорпа. Көрнекі сурет: YouTube / НА КУХНЕ С НАТАЛИ

Тауық етінен дайындалған күріш көже - ерекше дәмді тағамдардың бірі. Күріштен жасалған тағам балаларға да, ересектерге де ұнайды. Мұндай күріш сорпасын күнделікті түскі ас кезінде дайындауға болады.

Орта ғасырларда күріштен жасалатын көже тек таңғы асқа ұсынылатын өте қымбат тағам болатын. Оны сүт пен майлы сорпаға пісіріп, дәм беру үшін шафран және қантпен қосылатын. Бүгінгі күні қымбат әрі дәмді тағам саналған күріш көжесін білмейтін адам жоқ, бәріне қолжетімді, рецебі де өзгерді. Сорпаға қанттың орнына көкөністер, хош иісті шөптер мен дәмдеуіштер қосылады. Әсіресе күрішпен дәмі жақсы үйлесетін тауық еті пайдаланылады.

Сипаттамасы

Асханасы: Еуропалық

Санаты: Бас тағам

Дайындау уақыты: 3 минут

Пісетін уақыты: 25 минут

Мөлшерлік калориясы: 83 ккал

Ингредиенттер

Сарымсақ - 1 тіс.

Қызанақ - 200 г.

Болгар бұрышы - 100 г.

Сәбіз - 150 г.

Сұйық май - 2 ас қасық.

Пияз - 75 г.

Тауық еті - 700 г.

Картоп - 500 г.

Тұз - дәміне қарай.

Ұнтақталған қара бұрыш - дәміне қарай.

Су - 3 л.

Куркума - 1 г.

Күріш - 150 г.

Дәмдеуіш шөптер.

Дайындалуы

1. Сорпа дайындаңыз

Қайнап жатқан ет
Баяу отта қайнаған ет. Көрнекі сурет: YouTube / НА КУХНЕ С НАТАЛИ

Тауық етін жуып, қазанға салыңыз. Содан кейін үстіне 3 литр салқын су құйыңыз. Қазанды қатты жанып тұрған отқа қойып, қайнаған соң бетіне шыққан көбігін алыңыз. Қазанның қақпағын толығымен жаппаңыз, отты баяулатып, сорпаны 1 сағат қайнатыңыз.

Сорпаға тауықтың сан етін, жіліншігін немесе тұтас тауық аяғын пайдалануға болады. Егер тауықтың төс етін қолдансаңыз, оны жоғарыда аталған құс ұшасының бөліктерімен бірге қайнатыныңыз. Өйткені тек төс етімен жасалған тағам дәмсіз болады.

2. Етті сүйегінен ажыратыңыз

Туралған ет
Туралған тауық еті. Көрнекі сурет: YouTube / НА КУХНЕ С НАТАЛИ

Қазандағы тауық етін сүзекімен алыңыз. Оны табаққа салып, сәл суытып алыңыз. Етті сүйегінен бөліп алып, 2–2,5 см болатындай етіп кесіңіз.

3. Көкөністерді тазалап алыңыз

Сәбіз бен пияз
Тағамға қосатын көкөністер. Көрнекі сурет: YouTube / НА КУХНЕ С НАТАЛИ

Картопты, үлкендеу сәбіз бен пиязды салқын суға бірнеше минут салып қойыңыз. Содан соң жақсылап жуып, қабығын аршыңыз. Пияз бен сарымсақ қабығын аршып, тәтті бұрыштың ортасындағы дәндерді алып тастаңыз.

4. Пияз, сарымсақ және сәбіз тураңыз

Сәбіз, сарымсақ және пияз
Майдалап туралған сәбіз, сарымсақ және пияз. Көрнекі сурет: YouTube / НА КУХНЕ С НАТАЛИ

Пиязды кішкентай (5 мм) текшелеп кесіңіз. Сәбізді ірі үккіштен өткізіңіз немесе ұзыншалап кесіңіз. Сарымсақтың бір түйірін майдалап тураңыз.

5. Тәтті бұрышты тураңыз

Тәтті бұрыш
Туралған тәтті бұрыш. Көрнекі сурет: YouTube / НА КУХНЕ С НАТАЛИ

Бұрышты жалпақтығы шамамен 2-3 см жолақ болатындай етіп тураңыз. Оны көлденеңінен 1 см-ге дейін кесіңіз. Егер жаңа піскен бұрыш болмаса, мұздатылған, консервіленген бұрыш қолданыңыз немесе 0,5 шай қасық қызыл бұрыш (паприка) қосуға болады.

6. Қызанақ езбесін дайындаңыз

Қызанақ езбесі
Блендермен дайындалған қызанақ езбесі. Көрнекі сурет: YouTube / НА КУХНЕ С НАТАЛИ

Орташа көлемдегі екі қызанақты төртке бөліп, блендерден өткізіңіз. Жаңа піскен қызанақтардың орнына тұздалған қызанақты немесе 1,5 ас қасық томат пастасын пайдалануға болады.

7. Картопты тураңыз

Туралған картоп
Текшелеп туралған картоп. Көрнекі сурет: YouTube / НА КУХНЕ С НАТАЛИ

Картопты текшелеп кесіңіз. Қасықпен алуға ыңғайлы болу үшін көлемін 1,5 см-ден аспайтындай етіп тураңыз. Туралған картопты салқын су құйылған ыдысқа салыңыз.

8. Дәмқосар дайындаңыз

Дайын болған дәмқосар
Тағамға ерекше дәм беретін дәмдеуіш. Көрнекі сурет: YouTube / НА КУХНЕ С НАТАЛИ

Табаны орташа жанған отқа қойыңыз. Қазан қызған кезде 2 ас қасық иіссіз өсімдік майын құйыңыз. Пиязды майға қуырыңыз, сәбіз мен сарымсақтың жартысын қосыңыз. Тағы бір минут қуырып, артынша тәтті бұрыштың жартысын қосыңыз.Көкөністерді 3-4 минут араластыра отырып қуырыңыз, блендермен езілген қызанақты қосыңыз. 5 минут бұқтырыңыз, оттан алыңыз.

9. Көкөніс пен күрішті сорпаға салып пісіріңіз

Сорпаға салынған күріш
Сорпаға салынған күріш пен көкөністер. Көрнекі сурет: YouTube / НА КУХНЕ С НАТАЛИ

Қайнаған сорпаға картопты, жуылған күрішті, қалған бұрыш пен сәбізді салыңыз. Дәміне қарай тұз қосып, қақпағын жабыңыз. Картоп пен күріш жұмсақ болғанша қайнатыңыз (шамамен 20 минут).

10. Сорпаны пісіруді аяқтаңыз

Дайын болған тағам
Дайын болған күріш көжесі. Көрнекі сурет: YouTube / НА КУХНЕ С НАТАЛИ

Картоп пен күріш пісіп жатқан кезде қазанға сүйегінен ажыратылған тауық еті салып қайнатыңыз. Сорпаны тағы 10 минут пісіріңіз, ұнататын шөп түрлерін, куркума мен қара бұрыш себіңіз. Қажет жағдайда дәмін қарай басқа қоспалар қосып, қайтадан бір қайнатып алып, оттан алыңыз. Сорпаны 10 минут қоя тұрып, шөп қосыңыз.

Рецепт видеосы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2029230-tauyq-etinen-zasalgan-kuris-koze-en-onai-daiyndalu-adisi/