Қытай асханасы: қышқылтым соуспен жасалатын дәмді тауық еті
Жарияланған күні:
Қышқылтым соуспен пісірілген тауық еті - Қытай асханасындағы ерекше тағамның бірі. Мейрамхана мәзіріндегі мұндай тағамды үйде де дайындауға болады. Біз ұсынған рецепт бұл астың дәл түпнұсқадағыдай шығуына көмектеседі.
Қышқыл және тәтті дәмнің үйлесімі Орталық, Солтүстік және Оңтүстік Қытай асханаларында кеңінен қолданылады, бірақ танцу дзи куай (тәтті және қышқыл соуспен дайындалған тауық еті) отандық Чжэцзян асханасын еске салады. Бұл тағам ХХ ғасырда Қытай аспаздары әлемнің әр елінде ұлттық мейрамханаларын жаппай аша бастаған кезде пайда болды. Қытайлық аспаздар өз тағамдарын жаңа тұтынушылардың талғамына бейімдей отырып, бірнеше нұсқасын жасады. Соның ішінде ананас қосылған тауық еті көпшілікке ерекше ұнады. Қытай мәзіріндегі тауық етін түпнұсқаға сай рецепт бойынша дайындап көріңіз.
Сипаттамасы
Асханасы: Қытай
Санаты: Бас тағам
Дайындау уақыты: 3 минут
Пісетін уақыты: 12 минут
Мөлшерлік калориясы: 240 ккал.
Ингредиенттер
- Тауық жұмыртқасы - 1.
- Сарымсақ - 3 түйір.
- Соя соусы - 1 ас қасық.
- Қант - 3 ас қасық.
- Тәтті бұрыш - 1 түйір.
- Өсімдік майы - 300 г.
- Қызыл түсті пияз - 1 бас.
- Кетчуп - 3 ас қасық.
- Ананас - 250 г.
- Тұз - 1 шай қасық.
- Қара ұнтақ бұрыш - 1 шай қасық.
- Жүгері крахмалы - 3 ас қасық.
- Тауық еті - 350 г.
- Құрғатылған сарымсақ - 2 шай қасық.
- Күріш сіркесуы - 3 ас қасық.
Дайындалуы
1. Тауық етін тураңыз
Кеуде етін салқын сумен шайып, қағаз майлықпен құрғатыңыз. Етті көлденеңінен тураңыз. Еттің қалыңдау бөлігінің ені шамамен 1 см, ал жіңішке жағына жеткенде, шамамен 2 см етіп кесіңіз. Бұл тауықтың біркелкі пісуіне және тағамның мейрамханадағыдай жылтырап тұруына мүмкіндік береді. Тауықтың бір жағы шамамен 2 см болатын бөліктерге бөліңіз
2. Тауық етін маринадтаңыз
Туралған етті таза ыдысқа салыңыз. Жұмыртқаның ағын ыдысқа құйыңыз. Сарысын басқа тағамдарға қолданыңыз. Ыдысқа 1 шай қасық тұз, 1 шай қасық ұнтақталған қара бұрыш және 1 шай қасық кептірілген сарымсақ қосыңыз. 2 ас қасық қосыңыз жүгері крахмалын қосып, қолмен жақсылап араластырыңыз. Ет жақсылап маринадталу үшін шамамен 15 минут қалдырыңыз.
3. Соус дайындаңыз
Тағы бір ыдысқа 3 ас қасық ққант салыңыз. 3 ас қасық кетчуп пен сірке суын құйыңыз. 1 ас қасық соя соусын қосып, барлығын біркелкі болғанша араластырыңыз.
4. Болгар бұрышын тураңыз
Жасыл түсті болгар бұрышын ұзыннан бөліңіз, өзегін мен дәндерін алып тастаңыз. Бұрышты ені 2 см-ге дейін жолақ етіп кесіңіз. Тауық тілімдерінің өлшемімен бірдей болу үшін бұрышты қиғаш етіп кесіңіз.
5. Пиязды тураңыз
Орташа қызыл пиязды тазалап алыңыз. Ұшы мен түбін алып тастаңыз. Пиязды екіге бөліп, ірілеу етіп тураңыз. Егер қызыл пияз болмаса, кәдімгі пиязды немесе шалоттың ақ бөлігін пайдаланыңыз.
6. Ананасты тураңыз
Ананастың төрттен бірін бөліктерге бөліп, қабығын аршыңыз. Ішкі жағын 7-8 мм болатындай етіп тілімдерге бөліңіз. Консервіленген ананасты қолдануға да болады. Оны сүзекіге салып, сумен шайып алған соң сүлгімен құрғатыңыз.
7. Тауық етін қуырыңыз
Қырлы табаға немесе қазанға өсімдік майын құйып, 160-170 ° C температураға дейін қыздырыңыз. Маринадталған тауықты бір-бірден салып, ашық алтын түсті болғанға дейін қуырыңыз. Барлық етті бірден салып жібермеңіз. Себебі май салқындап қалуы мүмкін әрі құс еті ұзағырақ піседі, майды бойына сіңіреді, олай болмаса, құрғақ болып шығуы да ықтимал.
8. Соус қоюлатқышын жасаңыз
Кішкене ыдысқа 1 ас қасық крахмал және 1 шай қасық кептірілген сарымсақ салыңыз. Оған 2 ас қасық салқын су құйып араластырыңыз. Бұл тұздықты қоюлату үшін қажет.
9. Көкөністерді қуырыңыз
Таза табаға 1 ас қасық өсімдік майын құйыңыз. Оны жоғары температурада қыздырыңыз. Сарымсақтың 3 түйірін майдалап турап, табаға салыңыз. Сарымсақтың хош иісі пайда болған кезде қызыл пияз, бұрыш және ананас қосыңыз. Барлығын араластырып, алдын-ала дайындалған тұздықты құйыңыз. Араластырып отырып, қайнағанша пісіріңіз. Оттың қызуын орташа деңгейге дейін азайтыңыз, көкөністерді тағы 1 минут қайнатыңыз.
10. Тауық еті мен соусты араластырыңыз
Көкөніс соусына 3 ас қасық крахмал суын қосыңыз. Крахмалды қолданар алдында жақсылап шайқауды ұмытпаңыз. Тұздық қоюланғанша қайнатыңыз, содан кейін тауық етін қосыңыз. Тағамды қалақшамен араластырыңыз, еттің барлық бөлігіне жағылғанына көз жеткізіңіз. Етті 1 минут бойы қыздырып, табаққа салыңыз. Ыстық күйде дастарқанға ұсыныңыз.
Рецепт видеосы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2031957-qytai-asxanasy-qysqyltym-souspen-zasalatyn-damdi-tauyq-eti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.