Самсаға арналған қатпарлы қамыр: дайындау рецептісі
Жарияланған күні:
Самса ауызда еріп тұруы үшін салмасының шырынын қытырлақ қамыры сақтап қалуы керек. Ол үшін қатпарлы қамырды дұрыс дайындау керек. Қамырды дайындау құпияларын төменде бөлісетін боламыз.
Самса – әр түрлі, етті немесе көкеністі салмадан дайындалатын, қытырлақ қамырлы, Шығыс асханасындағы танымал бәліш түрлерінің бірі. Көбіне оны үшбұрыш формада дайындайды. Тағам түрі Х ғасырда, Орта Азия асханасында пайда болған. Тағамның ерекшелігі, оның қытырлақ қамырында болған. Оны дайындау үшін сапалы ұн, су, тұз, қамырды қатпарлы қылатын сары май болса жеткілікті.
Сипаттамасы:
Асхана: Өзбек
Санаты: Тіскебасар
Дайындау уақыты: 5 минут
Дайындалу уақыты: 30 минут
Бір порцияға калориясы: 337 ккал
Құрамы:
Бидай ұны: 700 гр
Тұз: 1 шай қасық
Су: 400 мл
Сары май 82.5% - 200 гр
Дайындалу жолы:
1. Суға тұз салыңыз
Түбі терең ыдысқа 350 мл бөлме температурасындағы су құйыңыз. Оған 1 шай қасық салыңыз. Тұздың ерігенінше, жақсылап араластырыңыз.
2. Ұн себіңіз
Ұнды електен өткізіп алыңыз. Тұздалған суға ұн салып, тым қатты емес қамыр илеңіз.
3. Қамырды бөліктерге бөліңіз
Қамырды жақсылап илеп, үш бөлікке бөліп қойыңыз. Әр бөлікті жайып, 10 минутқа бетін жауып, тындырып қойыңыз. Тынған қамыр жұмсарып, жаюға ыңғайлы болады.
4. Қамырды жайыңыз
Стол бетіне ұн сеуіп, дайындап алыңыз. Әр қамыр бөліктерін 1-2 мм қалыңдыққа келгенше жайып алыңыз.
5. Қамырға май жағу
Сары майды ерітіп алыңыз. Бірінші жайылған қамырды қойып, бетіне май жағып, үстінен екінші жайылған қамырды қойыңыз. Осылайша үші қамырдың арасына май жағып, үсті-үстіне қойып шығыңыз.
6. Формаға келтіру
Қамырды орама формасына келтіріп ораңыз. Оралған ораманы ұлу тәрізді етіп домалатып, тарелкаға бетін жауып, тоңазытқышқа 2-3 сағатқа қалдырыңыз.
7. Самса жасау
Уақыт өткен соң, тоңазытқыштан қамырды алыңыз. Ораманы 4см қалыңдықта, бөліктерге бөлеміз. Әр бөлікті жайып, салмасын салып, самса жасаймыз. Самсаға салма ретінде қой, сиыр, тауық етін, асқабақ немесе картоп қолданып жатады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2033384-samsaga-arnalgan-qatparly-qamyr-daiyndau-receptisi/