Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балалық шақтың дәмі: сүт қосылған корждарды мемлекеттік стандарт бойынша қалай пісіруге болады

Жарияланған күні:

Сүтті корждар. Скриншот
Сүтті корждар. Скриншот: YouTube/ Выпечка и кулинария

МемСТ бойынша пісірілген сүтті корждар – алдыңғы буын өкілдеріне жақсы таныс. Балалық шақтағы сүйікті десерттердің бірі. Тәтті десерттің ерекшелігі - оның үгілмелі қамыры.

Сүтті корждар – ванильді хош иісті десерт түрі. Бұл тәттінің үгілмелі қамырға қопсытқыш, сода және аммоний қосып дайындайды. Қамырды 7-8 мм қалыңдықта жайып, оны 95 мм диаметрде дөңгелек формада кеседі. Оны пешке салмас бұрын, бетіне жұмыртқа жағады.

Сипаттамасы

Асхана: Орыс

Санаты: Десерт

Дайындау уақыты: 5 минут

Дайындалу уақыты: 40 минут

Бір порцияға калориясы: 360 ккал

Құрамы

Жұмыртқа – 1 дана

Қант – 200 гр

Бидай ұны – 400 гр

Сүт – 75 мл

Тұз – дәміне қарай

Сода – 4 гр

Қопсытқыш – 1 шай қасық

Ванилин – дәміне қарай

Май 82.5% - 100 гр

Дайындалуы

1. Май мен қантты араластырыңыз

Май мен қантты араластыру. Скриншот
Май мен қантты араластыру. Скриншот: pixabay.com

Май, сүт және жұмыртқаның температурасы бірдей болуы керек. Дайындамас бұрын алдын - ала шығарып, 20-30 минутқа қалдырыңыз. Ыдысқа жұмсақ маймен, қантты салыңыз. Қанттың ең ұсақ түрін немесе қант пудрасын қолданыңыз. Ыдыстағы масса ұлпаға айналғанша жақсылап миксерлеп алу қажет. Майдың біркелкі араласуы үшін миксерді өшіріп, ыдыс шетіндегі майды ортаға салып, қайта миксерлеген дұрыс.

2. Тұз бен жұмыртқа қосу

Жұмыртқа қосу. Скриншот
Жұмыртқа қосу. Скриншот: pixabay.com

Май мен қант жақсылап араласқанда оған жарты жұмыртқа мен аздап тұз салыңыз. Біркелкі массаға келгенше әріқарай миксерлейміз.

3. Сүт пен сода қосу

Майлы массаны араластырып тұрып, сүтті бөліп қосамыз. Әр сүтті құйған соң, массаны 30-40 секунд араластырып тұрыңыз. Массаға жарты шай қасық сода қосып, жақсылап араластырамыз.

4. Ұн қосу

Ұн қосу. Скриншот
Ұн қосу. Скриншот: YouTube/ Выпечка и кулинария

Майлы массаға 200 гр ұнды електен өткізіп саламыз. Ұнға 1 шай қасық қопсытқыш қосамыз, Ванилин салып, тағы 200гр ұнды електен өткізіп саламыз.

5. Қамыр илеу

Үстел бетіне ұн сеуіп, оған қамырды салып илейміз. Қамырды тез-тез илеген дұрыс. Масса жұмсақ әрі біркелкі болып шығуы керек.

6. Қамырды жаю

Қамырды жаю. Скриншот
Қамырды жаю. Скриншот: YouTube/ Выпечка и кулинария

Қамырды 7-8 мм қалыңдықта жаямыз. 9 см диаметрде дөңгелек формамен кесіп шығамыз. Бұл уақытта пешке 200 градус қойып, қыздыра беріңіз. Қамыр кесінділерін жинап, жайып, дөңгелек формада кесіп шығыңыз.

7. Корждарды пісіру

Корждарды пісіру. Скриншот
Корждарды пісіру. Скриншот: YouTube/ Выпечка и кулинария

Противеньге пергамент қағазын төсейміз. Оған кесілген корждарды бір-бірінен алшақ етіп қойып шығамыз. Себебі пісу барысында, олар көтеріліп, формасы үлкейеді. Корж бетіне қалған жұмыртқаны жағып шығыңыз. Противеньді пештің жоғарғы жағына қойып, 13-15 минуттай пісіріп алыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2042021-balalyq-saqtyn-dami-memlekettik-standart-boiynsa-sut-qosylgan-korzdardy-qalai-pisiruge-bolady/